È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан киносы
  • Рүстем Әбдірашев «Қазақ хандығы» кинохикаясының екінші маусымын түсірмек

Рүстем Әбдірашев «Қазақ хандығы» кинохикаясының екінші маусымын түсірмек

  • 13 Шілде, 2017
  • Мадина
  • 2 800
  • 0
Рүстем Әбдірашев «Қазақ хандығы» кинохикаясының екінші маусымын түсірмек. Қазақстан киносы

Режиссер Рүстем Әбдірашев «Қазақ хандығы» кинохикаясының екінші маусымын түсіруге дайындалып жүр. «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» картинасы бірінші маусымының көрсетілімі биылғы жылдың наурыз айында болған еді. Он бөлімнен құралған фильм Қазақ мемлекетінің құрылу тарихын баяндайды.

«Бір жағынан жалғасының түсірілетініне қуанамын, ал бір шетінен алғашқы маусымды түсіру кезіндегі қиындықтарды есіме алсам, біртүрлі қорқыныш билей бастайды. Бұл жолы кішкене болса да оңайырақ болады деп сенемін. «Алмас қылышты» аяқтау үшін краудфандингті компанияны іске қосқанымызды барлығы білетін шығар. Шындығында, қазақстандықтар халқымыздың тарихына қатысты картинаны түсіруге көмектеседі деп үміттенген едік. Алайда қаражат аз жиналды: 1,5 миллион теңге. Дегенмен, үлкен-кіші көмек болмайды ғой. Сондықтан, жобаға өз үлесін қосып, бізге сенім білдірген барша жандарға алғыс білдіреміз. Қаржыландыруға қатысты мәселе туындамас үшін, екінші маусымдық жоба алдағы уақытта өтетін «Еуразия фильм маркет» кинонарығының аясында таныстырылатын болады. Сол жақтан шетелдік компаниялардың қолдауына ие боламыз деп үміттенеміз»,-дейді Рүстем Әбдірашев.

Екінші маусымы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» деп аталады. Көрермендерге мәдени әрі экономикалық орталық – Сығанақ қаласы үшін қазақ хандарының көршілес мемлекеттермен шайқасуы көрсетіледі. Картинада Хақназар хан туылғанға дейінгі оқиға баяндалады.

«Біз дайындық жұмыстарын бастап кеттік, натура мен локациялар іздеп, қосымша актерлік құрамды анықтап жатырмыз. 10 бөлім түсіріп, кинонұсқа ұсынуды жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы қажетті дүниелер, өйткені хикаяны белгілі бір жастағы көрермен тамашалайды ғой. Ал толықметражды фильм жастар арасында сұранысқа ие»,-деп айта кетті бас продюсер Арман Әсенов.

Авторлар түсірілімге осы жылдың күзінде кіріседі. Негізгі көріністер «Қазақфильм» аймағында, Алматы мен Жамбыл облыстарындағы арнайы құрылған декорацияларда түсірілетін болады. Кейбір эпизодтар Қожа Ахмет Яссауи, Айша-Бибі мен Жошы хан кесенелерінде түсірілмек.

 

Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі ұсынды

  • 13 Шілде, 2017
  • Мадина
  • 2 800
  • 0

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 шілде 2017, 13:01

Есть, недоработки и флаги надо больше добавить. Народов жуза и одежду изменить.

Рекомендуем

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR кинофестивалінің Ұлттық байқауының қазылар алқасы

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Казахстанское кино

25 Мамыр, 2023

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікті рейдерлікпен басып алу туралы толықметражды «ГОК» фильмі толыққанды прокатқа шықты

В кинотеатрах с 25 мая

Brod.kz

Казахстанское кино

31 Тамыз, 2022

VII BAIQONYR ISFF қазылар алқасымен танысу

Ұлттық конкурс

Brod.kz

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама