È

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің жеңімпаздары

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің жеңімпаздары

15-16 қыркүйек күндері «Көк-Төбе» демалыс саябағында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі болып өтті. Екі күннің ішінде байқау бағдарламасында 35 фильм, ал байқаудан тыс бағдарламада 3 картина көрсетілді, сондай-ақ, «48 сағатта түсірілді» жобасының үздік 10 жұмысы таныстырылды.

12 номинацияның жеңімпаздарын кинотанушы Анар Қашағанова, қоюшы-суретші Өмірзақ Шманов, киносыншы Ғалия Байжанова, режиссер Шарипа Оразбаева, продюсер Эля Гильман, актриса Гүлнар Дусматова және режиссер Жаңабек Жетіруов бастаған қазылар алқасының құрамы анықтады. Сарапшы комиссияның төрағасы режиссер, сценарист әрі продюсер Ахат Ыбраев болды.

«Гран-при» - «Жесткий тип», Баймұрат Жұманов;

«Үздік режиссер» - «Пәтер», Ербол Бораншы;

«Үздік оператор» - «Малыбайдағы оқиға», Тұран Мұрал;

«Үздік қоюшы-суретші» - «Куб», Бекен Нарбай;

«Үздік сценарий» - «Квартира 6», Олжас Ахметов;

«Үздік тәжірибелік фильм» - «Ğayşa», Сәбит Әбді;

«Үздік деректі фильм» - «Мен оралдым», Жайық Белқожаев;

«Үздік анимациялық фильм» - «Сиқырлы бақша», Тоғжан Байсабаева;

«Үздік актер» - «Друзья», Ерболат Ержанов;

«Үздік актриса» - «Шыңырау», Перизат Мәденова;

«Қазылар алқасының жүлдесі» - «Малыбайдағы оқиға», Самғар Рақым;

««Бродвей» таңдауы» - «Однажды в маленьком городе», Асылхан Шәкенов; «Я в тебя верю», Айша Шәймерденова.

Басты жүлделерден бөлек New York Film Academy «Мәди» фильмінің режиссері Бигелді Әбдібекке Алматыда қазан айында өтетін режиссура бойынша шеберлік сағатына сертификат сыйлады.

Сонымен қатар, барлық жеңімпаздарға II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің серіктесі «Меломан» компаниясы 20 мың теңгеге сертификат ұсынды.

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің серіктестері: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, «Ел Арна» телеарнасы, RocketFirm.com ракетті фирмасы, «Тұран» университеті, Көк-Төбе, «Неделька» қалалық дәмханасы, «Давай сходим!», «Хабар» агенттігі, Major Rental компаниясы, Өнер.kz – өнертанымдық порталы, Sputnik Kazakhstan, Tengri News, Post Studio.

Превью: Серікжан Қобыланбаев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер