È

«Байқоңыр – 2017» фестивалінде «48 сағаттың ішінде түсірілді» байқауының үздік 10 туындысы таныстырылады

«Байқоңыр – 2017» фестивалінде «48 сағаттың ішінде түсірілді» байқауының үздік 10 туындысы таныстырылады

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің байқаудан тыс бағдарламасында «48 сағаттың ішінде түсірілді» байқауының үздік 10 фильмі көрсетіледі. Картиналарды байқаудың ұйымдастырушысы әрі АҚШ елшілігінің Алматыдағы өкілі Бану Бурина және байқаудың операторы Нариман Әбиев таныстырады. Байқаудан тыс фильмдердің көрсетілімі 15 қыркүйек күні «Көк-Төбе» (шатыр) демалыс саябағында сағат 20:50-де болады.

«48 сағаттың ішінде түсірілді» байқаудан тыс бағдарламасының қатысушылары:

Атауы

Режиссері

1

«Сұйық тас»

Алдияр Байрақымов

2

«№ 96 іс»

Алан Тәлкенов

3

«Шуыл»

Ваня Абрамов

4

«Витрувиан лимоны»

Жәмиля Сахари

5

«Бақыт»

Yuframe

6

«Аманат»

Ернар Алмабеков

7

«Стандартты сызба»

Алиса Грамс, Әнуар Шаймерденов

8

«Әйелдер логикасы»

Нұрлан Жүнісов

9

«Мұнда тұрған не бар»

Архат Ордабай

10

«APPMAN»

Әнуар Нұрпейісов

 

Байқаудан тыс тағы да үш картина: Бегалы Шибекеевтің «Ана», Айгүл Ақсамбиеваның «Саз махаббат» және Мейіржан Сандыбайдың «Ит» фильмдері көрсетіледі.

«Шуыл» фильмінен көрініс, режиссері Ваня Абрамов

«48 сағаттың ішінде түсірілді» қысқаметражды кино байқауы 2017 жылдың ақпан айында өткен болатын. Оған қатысуға Қазақстан, АҚШ, Белоруссия, Украина, Түркия, Ресей, БАӘ, Қырғызстан, Қытай, Литва және Үндістан елдерінің тәуелсіз режиссерлары мен шығармашылық топтары ниет білдірген. Комедия, нуар, қорқынышты фильм, арт-хаус, триллер және мелодрама секілді түрлі жанрларда түсірілген 320 фильм келіп түскен. Жоба Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық қызметінің қолдауы арқылы жүзеге асырылды.

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі 15 қыркүйек күні басталады. Көрермендер кинокөрсетілім аясында байқау және байқаудан тыс 48 картинаны тамашалай алады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист