«Байқоңыр» II Республикалық қысқаметражды кинофестиваліне қатысуға өтініштерді қабылдау ашық деп жарияланады
«Байқоңыр» II Республикалық қысқаметражды кинофестиваліне қатысуға өтініштерді қабылдау ашық деп жарияланады. Өтініштер 2017 жылдың 15 маусымынан 15 тамызына дейін кинофестивальдің Baikonur.brod.kz ресми сайты арқылы қабылданады.
Фестивальға 2016-2017 ж.ж. түсірілген, ұзақтығы 30 минуттан аспайтын қысқаметражды фильмдер қатыса алады. Жұмыстар үш бағыт бойынша қарастырылады: ойнамалы, деректі, анимациялық кино. Өтініштерді тек Қазақстан азаматтары ғана бере алады. Қатысамын деушілерге ешқандай жас шектеу қойылмаған. Бірінші «Байқоңыр» кинофестиваліне қатысқан картиналар биылғы жылы қабылданбайды.
«Байқоңыр» II Республикалық қысқаметражды кинофестиваліне 15 және 16 қыркүйек күндері «Көк-Төбе» демалыс саябағында өтеді. Биылғы жылы «Үздік қоюшы-суретші» жаңа номинациясы пайда болды. Кинофестивальдің тағы бір жаңалығы – «Қазақстандық тұсаукесер» арнайы бағдарламасы, ол жеңімпаздарды марапаттау салтанатының алдында болмақ.
«Байқоңыр» Республикалық қысқаметражды кинофестивалінің директоры Әнуар Кенжибаев
Өтініш берушілердің жұмыстары іріктеу кезеңінен өтеді. Соның нәтижесі бойынша, үміткерлердің есімдері жарияланады. Байқау бағдарламасына енген фильмдерді арнайы қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының құрамына FIPRESCI, NETPAC халықаралық кинофестивальдерінің өкілдері, Ресей киносыншыларының гильдиясы кіреді. Сонымен қатар, қазылар алқасының мүшелігіне Қазақстан кинематографистер Одағының төрағасы, режиссер әрі продюсер Ахат Ибраев, «Бастау» ХКФ президенті, режиссер әрі продюсер Сергей Азимов, «Қазақфильм» киностудиясы «Дебют» ШӨБ жетекшісі Анар Қашағанова, «Қазақфильм» киностудиясы анимациялық цехының жетекшісі Жәкен Дәненов шақырылды.
Кинофестивальдің ұйымдастырушысы - «Бродвей» кәсіби кинопорталы. Байқаудың ресми серіктестері – Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Бірінші Президент қоры, Ракетті фирма, Tengrinews.kz, «Хабар» агенттігі, «Неделька» қалалық дәмханасы, «Тұран» университеті және «Көк-Төбе» саябағы, «Бірге барайық».
Еске сала кетсек, «Байқоңыр» I Республикалық қысқаметражды кинофестивалі 2016 жылы 17 және 18 қыркүйек күні өткен болатын. Кинофестивальдің алғашқы жеңімпаздары туралы мына жерден оқи аласыздар.
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Alem
23 маусым 2017, 10:19Добрый день! Скажите пожалуйста, на какую электронную почту можно отправить заявку для работы волонтером на данном кинофестивале?
Brod.kz
23 маусым 2017, 14:31Добрый день! На info@brod.kz