Режиссер Бегалы Шибекеевтің «Ана» қысқа метрі Lucania Film Festival-ге қатысады
Бегалы Шибекеевтің «Ана» қысқаметражды таспасы Халықаралық «Lucania Film Festival» кинофестиваліне қатысады. Фильмнің продюсері I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің «Гран-при» иегері Шарипа Оразбаева болды. Фестиваль 9-14 тамыз аралығында Италияда өтеді.
«Қысқа метрді екі аптаның ішінде түсіріп тастадық. Сапалы авторлық кино түсірдік деп ойлаймын. Бұдан бөлек, картина беделді «Lucania Film Festival» шетелдік кинофестиваліне қатыспақ. Әрине, мұндай көлемді байқау алдында қобалжитынымыз рас, өйткені бұл өте маңызды шара, қазылар алқасының алдында жерге қарамайтындай болуымыз керек. Аталмыш драма Иранның Тегеран қаласында өтіп жатқан «Фаджр» Халықаралық кинофестиваліне де шақырылды»,-дейді Шарипа Оразбаева.
Картина сюжеті жасөспірім ұлын жалғыз бағып отырған ана туралы баяндайды. Олардың отбасылары қиын жағдайды бастан кешеді, бірақ анасы ұлымен арадағы сенімді қарым-қатынасты бұзып алмауға тырысады.
.png)
«Ана» фильмінен көрініс
«Менің продюсерлік дебютім – досым Бегалы Шибекеевке идеясын жүзеге асыруға аяқ-астынан көмектескім келгендігінен туындады. Мен бұл мамандықтың шығармашылық бөліміне үнемі қызығатынмын, өйткені продюсер режиссёрмен бірге хикаяның құрылуына атсалысады. Қазір қысқаметражды фильмдер толықметражды картиналардан кем емес»,-деп бөлісті картина продюсері.
«Ана» қысқаметражды фильмі екі аптаның ішінде түсірілген. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласының маңында өтті.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін