È

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің қатысушылары анықталды

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің қатысушылары анықталды

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің дирекциясы қатысушылар тізімін жариялады. Байқау мен байқаудан тыс бағдарламаға қатысу үшін келіп түскен 140 фильмнің ішінен 38 жұмыс іріктелді. Байқауға қатысушыларды кинотанушы Ержан Жұмабеков пен киносыншы Кәрім Қадырбаев анықтады.

«Байқоңыр» фестивалінің байқау бағдарламасына 35 фильм, ал байқаудан тыс бағдарламаға - Бегалы Шибекеевтің «Ана» картинасы және Алдияр Байрақымовтың «Сұйық тас» таспасы қатысады. Анимациялық кино бөліміне 9 картина қатысса, деректі фильмдердің қатарында 7 таспа бар.

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі «Көк-Төбе» демалыс орнында 15 қыркүйек күні басталады. Шараны Мейіржан Сандыбайдың «Ит» мультфильмі ашады.

Қазылар алқасының құрамына Қазақстан кинематографистер Одағының төрағасы Ахат Ибраев, кино мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері әрі продюсер Анар Қашағанова, режиссер Шарипа Оразбаева, сценарист әрі продюсер Эля Гильман, сыншы Ғалия Байжанова, актриса Гүлнар Дусматова енді. Тәжірибелі комиссияның тізімі әлі де толығады.

«Ана» қысқаметражды фильмнен көрініс

Еске сала кетсек, «Байқоңырдың» ерекше мүсіншелері мен арнайы сыйлықтары келесі номинациялардың жеңімпаздарына табысталады: «Гран-при», «Үздік режиссер», «Үздік оператор», «Үздік қоюшы-суретші», «Үздік сценарий», «Үздік тәжірибелік фильм», «Үздік деректі фильм», «Үздік анимациялық фильм», «Үздік актриса», «Үздік актер» және «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі».

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің байқау бағдарламасына қатысатын фильмдер

Атауы

Режиссері

1

«Мен оралдым»

Белқожаев Жайық

2

«Ойна»

Әнел Сәтбекова

3

«Биіктіктер»

Юлия Салойлова

4

«Мен хирургпын»

Шыңғыс Қаймоллаев

5

«Бір күн»

Серік Сәрсенбаев

6

«Ойна»

Әнел Сәтбекова

7

«Бір арман»

Аян Бұғыбаев

8

«Bury the Silence»

Алма Баймұратова

9

«Мен саған сенемін»

Айша Шәймерденова

10

«Көне кілем»

Снежанна Евтушенко

11

«Достар»

Біткенбаева Маржан,

Серік Әбішев

12

«Somnus»

Владислав Цой

13

«КУБ»

Максим Қодаров

14

«Мәди»

Бигелді Әбдібек, Айнұр Сембиева

15

«6 пәтер»

Олжас Ахметов

16

«Көңілдес әйел»

Джулия Ғани

17

«Малыбайдағы оқиға»

Самғар Рақым

18

«Глитч»

Әлібек Өмірбеков

19

«VENGEANCE OIL»

Алмас Амандосов

20

«Пәтер»

Ербол Бораншы

21

«Саз-махаббат»

Айгүл Ақсамбиева

22

«Parallel»

Әлібек Әлиев

23

«Шыңырау»

Рахымжан Қалдыкөз

24

«Дос»

Рафаэль Абузаров

25

«Ğayşa»

Сәбит Әбді

26

«Қатал бейне»

Баймұрат Жұманов

27

«The Boon»

Олжас Нұрбаев

28

«Түлкі мен бөдене»

Қасиет Сақиолла

29

«Қырандар қауымдастығы»

Бағдат Қожахметов

30

«Қожанасыр»

Дудикова Анастасия

31

«Тайталас»

Айтолқын Болғанбек

32

«Бесік жыры»

Балнұр Маемерова

33

«Сиқырлы бақша»

Тоғжан Байсабаева

34

«The Dream»

Жүсіп Амангелді

35

«Көне құмыра сыры»

Батырхан Дәуренбеков

Байқаудан тыс бағдарламаға қатысатын фильмдер

Атауы

Режиссері

1

«Ит»

Мейіржан Сандыбай

2

«Ана»

Бегалы Шибикеев

3

«Сұйық тас»

Алдияр Байрақымов

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер