È

Асанәлі Әшімовтың қатысуындағы «Әруақ» картинасы «Еуразия» ХКФ-де көрсетіледі

Асанәлі Әшімовтың қатысуындағы «Әруақ» картинасы «Еуразия» ХКФ-де көрсетіледі

1 шілде күні Астанада XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі салтанатты түрде ашылмақ. Фестивальдің бірінші күні аясында Эмир Кустурица мен «The No Smoking Orchestra» тобының концерті, голливуд және ресей кино жұлдыздарымен кездесу өтеді, сондай-ақ басты рөлді Асанәлі Әшімов сомдаған «Әруақ» фильмінің тұсауы кесіледі.

1 шілдеде сағат 10:00-де Chaplin Cinemas (Mega Silk Way және «Хан Шатыр» ОСО) кинотеатрлар желісінде байқау жұмыстарының тегін көрсетілімі басталады. Wyndham Garden Astana қонақ үйінде 10:00-ден 15:00-ге дейін кинематограф жұлдыздарының және «Еуразия-2018» қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтеді.

Сол күні сағат 15:30-да Chaplin Cinemas-та (Mega Silk Way ОСО) Майвенн ЛеБесконың «Менің патшам» фильмі көрсетіледі, оны басты рөлді сомдаған Венсан Кассель таныстырады.

«Менің патшам» фильмінен көрініс
«Менің патшам» фильмінен көрініс

Бірінші күн дәстүрлі түрде отандық және шетелдік жұлдыздар жүріп өтетін қызыл кілемшемен аяқталады. Фестивал қонақтары француз актері Венсан Кассель, 71-ші Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Еслямова, ресейлік актерлар Андрей Соколов пен Равшана Куркова болмақ. Сондай-ақ, шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және «Еуразия» ХКФ президенті Айман Мұсақожаева қатысады.

Айта кету керек, биылғы жылы кинокөрсетілімнің ресми бағдарламасында 8 бөлім бар. Олардың екеуі байқаулық: «Халықаралық байқау» (12 фильм) және «Қысқа метр байқауы» (35 жұмыс). Байқаудан тыс бөлімдер: «Караван» (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Саха Республикасы, Түркия, Әзербайжан және Татарстаннан 10 картина), «Еуразия жүрегінен» (қазақстандық режиссерлардың 9 картинасы), «Ерекше оқиға» (7 фильм) және «Объектив» (12 деректі таспа).

XIV «Еуразия» кинофестивалі 7 шілдеге дейін жалғасады.

 

Превью: «Әруақ» фильмінен көрініс

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер