È

Кассалық жинақ: Жылдамдық пен драйв

20-23 сәуір аралығындағы кассалық жинақ

Өткен апта кино тұсаукесерлеріне бай болды. Айналымға «Кухня: Последняя битва» комедиясы, «Мұхаммад: Посланник бога» тарихи-биографиялық фильмі және әйел қызғанышы жайындағы «Наваждение» триллері шықты.

Екінші апта қатарынан қазақстандық айналымда «Форсаж 8» шытырманға толы картинасы үздіктердің қатарында. Туынды 350 872 190 теңге қаржы жинады, дегенмен бұл тұсаукесердегі кассадан үш есе төмен көрсеткіш. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, түсірілім кезінде Вин Дизел мен Дуэйн Джонс екеуінің арасында біраз келіспеушіліктер орын алған көрінеді. Басты себебі, таспаның продюсері Вин Дизельдің қалауымен Джонстың фильмдегі кейбір көріністері қиылып кеткен. Франшизаның жаңа бөлімі Шарлиз Терон мен Мишель Родригестің екінші мәрте бірігіп жасаған жұмыстарымен есте қалды. Алғаш рет актрисалар 2007 жылы «Битва в Сиэтле» картинасында бірге түскен еді.

Рейтингтің екінші орынын «Кухня: Последняя битва» ресейлік комедиясы иемденді. Фильм алғашқы аптада 107 720 000 теңге жинаған. Танымал ситкомның толықметражды нұсқасының режиссері Антон Федотов болды. Мәлім болғандай, кинотаспа бас аспаз Виктор Баринов оқиғасының соңғы бөлімі екен. Авторлар бастапқыда комедияны Шанхайда түсіруді ойлаған, кейіннен жоспарлары өзгеріп кеткен. Түсірілім жұмыстары Сочи мен Мәскеуде өтті. Фильмге танымал тележүргізуші Андрей Малахов түскен.

«Кухня: Последняя битва» фильмінен көрініс

Үшінші орында «Мұхаммад: Посланник бога» кинотаспасы тұр. Ирандық режиссер Маджид Маджидидің жұмысы тұсаукесерлі аптада 38 216 000 теңге көлемінде қаржы жинады. Фильмді 50 миллион долларға түсірген, ал жұмыстары 10 жыл жүргізілген. Арнайы түсірілім үшін Тегераннан 55 км қашықтықта жасанды Нұр қаласы тұрғызылды. Картинаны тек Иранда ғана емес, Персид бұғазы мен ОАР маңында түсірді.

Миллиондар жинауды жалғастырып, үздік бестіктің қатарында келе жатқан фильм - «Время первых» туындысы. Ресей картинасы 28 965 540 теңге пайда тапты. Түсірілімге қатысу үшін актерлар Евгений Миронов пен Константин Хабенский бір жылдан аса уақыт арнайы жаттығу залдарына барған. Олар физикалық жаттығуларға 4000 сағат жұмсаған. Миронов ең қиын екі көрініс -ауада қалқып тұрғанын көрсету үшін бірнеше сағат бойы тросқа ілініп тұрғаны қиындау болғанын мойындады.

«Время первых» фильмінен көрініс

Рейтингтің бесінші орнында 25 188 000 теңге көлеміндегі қаржымен «Наваждение» триллері тұр. Фильм режиссері бұрын «Кости» хикаясын түсірген продюсер Дениз Ди Нови болды. Бастапқыда басты рөлдерге Кейт Хадсон мен Керри Вашингтон қарастырылған. Алайда, Кейт бірден келісім-шарттан бас тартады, ал Вашингтон «Слушание» жобасындағы рөлін таңдаған еді. Ақыры, рөлдерге Кэтрин Хайгл («Анатомия страсти» хикаясы) мен Розарио Доусон («Железный кулак» хикаясы) бекітілген.

«Урфин Джюс и его деревянные солдаты» мультфильмі алғашқы аптада 19 928 000 теңге жинап үлгерді. Картина ресейлік режиссерлер Владимир Торопчин, Федор Дмитриев пен Дарина Шмидттің біріккен жобасы болып табылады. Анимация Александр Волковтың осымен аттас повестінің желісі бойынша түсірілген. Картина жұмыстары 2013 жылы басталып, 2016 жылға дейін созылған.

Кассалық жинақтан «Босс-молокосос» американдық анимациясы қалыспай келеді. Фильм 14 170 600 теңге қаржы тапты. «Шректің» барлық бөлімін дыбыстаған актер Майлз Кристофер Бакшидің бұл жобаға кастингсіз қабылданғаны белгілі болды. Ол жоба басшысының шақыртуымен келген.

Он миллион теңгеден аз жинағандар: «Смурфики: Затерянная деревня» - 9 780 800 теңге, «Сплит» - 9 274 800 теңге, «Оралман из Питера» отандық комедиясы - 7 814 390 теңге және «Уйти красиво» - 5 733 600 теңге.

Ал «Красавица и чудовище» 2 099 180 теңге табысымен және «Жена смотрителя зоопарка» картинасы - 1 214 900 теңгемен аутсайдерлер ішінде тұр.

 

*Материал «Rentrak» пен «Ticketon.kz» жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды.

Қазақстанда «Rentrak» жүйесіне «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер