È

«Қазақфильм» Балуан Шолақтың өмірі туралы фильм түсірмек

Тайтл: «Қазақфильм» Балуан Шолақтың өмірі туралы фильм түсірмек

«Қазақфильм» киностудиясы Балуан Шолақ туралы фильм түсіріліміне дайындық үстінде. Режиссері - өткен жолдары «Зұлмат» және «Біздің ауыл - во!» картиналарын түсірген Нұргелді Садығұлов. Режиссер бұрыннан бері танымал балуан әрі ақынның өмірі туралы түсіруді армандап жүргенін айтты.

Толықметражды картинаның негізіне Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының репертуарындағы «Жаужүрек» пьесасы арқау болған. Киносценарий авторы - Дулат Исабеков. Болашақта түсірілетін кинотаспаны нақтылау үшін жобаға кеңесшілер ретінде кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов, қазақ балуаны Бейбіт Ыстыбаев және т.б. шақырылды.

Балуан Шолақ (шын есімі Нұрмағамбет Баймырзаұлы) – әйгілі қазақ балуаны, ақын әрі әнші. Бала кезінен бастап ұлттық өнерге қызығушылық танытқан, ән шығарып, домбырамен орындаған. Есейе келе, Нұрмағамбет түрлі жәрмеңкелерде, жиындарда өз күшін көпшілікке паш етеді: бірнеше жігіттер мінген бөренені қолымен ұстап тұра алатын болған. Сонымен қатар, халық балуаны атқа қатысты барлық шеберлік түрлерінен алда болды. Оның өмірі мен тағдыры жайында 1980 жылы жарық көрген Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» кітабында анық жазылған. Фильм авторларының айтуынша, түсірілім тобы толық ұйымдастырылып қойған. Оның құрамына қоюшы-оператор Ренат Қосай, көркемдік жетекші Сатыбалды Нарымбетов пен дыбыс режиссері Мақпал Құрсабаева кірді.

Басты және қосалқы рөлдерді сомдайтын актерлар бекітіліп қойды, бірақ авторлар олардың есімдерін жариялауға асықпайды.

Көрермендер фильмде еліміздің танымал әртістерімен қатар, жаңа бейнелерді де көретін болады.

Картина түсірілімі жақын арада бастау алып, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында өтеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса