È

«Қазақфильм» және Asau Art Films «Оазис» фильмін айналымға шығарады

«Қазақфильм» және Asau Art Films «Оазис» фильмін айналымға шығарады

1 ақпаннан бастап еліміздің кинотеатрларынан «Қазақфильм» киностудиясының Asau Art Films-пен бірігіп түсірген «Оазис» фильмі көрсетіле бастайды. Картина режиссері - Бегарыс Елубай, сценарийін Смағұл Елубаев («Аңшы бала») жазған.

«Оазис» - Руслан және Мәмбет жайлы баяндайтын психологиялық драма. Азаматтар шөл далада әулие ағаштың жанында кездесіп қалады. Біреуі бұл жерге қилы тағдырының арқасында келсе, енді бірі марқұм атасының уәдесін орындау үшін ат басын бұрған. Хикая соңы күтпеген жағдайға толы.

Бегарыс Елубаев

Суреттерді «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі ұсынды

«Сценарийі 2012 жылы жазылды. Бірақ, оны жүзеге асыруға бр жарым жыл бұрын кірісе бастадық. Түсірілім бір айға созылды. Фильм Алматы облысы, Шонжы ауылында түсірілді. Түсірілім кезінде қиындықтар болған жоқ. Алайда, біз топты ұзақ жинадық. Қоюшы-оператор Александр Рубановпен жоба басталмай тұрып келісіп қойғанбыз, ал қоюшы-суретші Жалалитдин Ибрагимовты түсірілім алаңына шығатын күні таптық», - деді Бегарыс Елубай.

Рөлдерді Айдар Асарбай және Әділет Топаев сомдады. «Оазис» екеуінің үлкен кинодағы дебютіне айналды.

«Оазис» фильмінен көрініс

«Түсірілім барысында Руслан образына ену қиындау болды. Екеуіміздің мінезіміз екі түрлі: мен өмірде салмақты, жұмсақтаумын», - дейді актер Айдар Асарбай.

«Оазис» отандық айналымға шығудан бөлек, халықаралық кинофестивальдерге қатыспақ.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер