È

«Қазақфильм» «Менің сүйікті мультфильмім» суреттер байқауының жеңімпаздарын анықтады

«Қазақфильм» «Менің сүйікті мультфильмім» суреттер байқауының жеңімпаздарын анықтады

«Қазақфильм» киностудиясы «Менің сүйікті мультфильмім» суреттер байқауының жеңімпаздарын анықтады. Байқау «Жас өркен» серіктестігімен бірге қазақ анимациясының 50 жылдығына арналып өткізілді. Мектеп оқушыларының суреттер байқауын тамашалау сәті тамыз айында басталған болатын.

«Гран-при» жүлдесін Өскемен қаласының оқушысы Саид Болатов жеңіп алды. Жас суретші «Мақтаншақ қыз» мультфильмінің иллюстрациясын бейнелеген. «Менің сүйікті мультфильмім» номинациясын оқушы қыз Лили Нурғалидің жұмысы иеленді. «Ойдан шығарылған кейіпкерім» номинациясын Айша Байзақ жеңіп алды. Жеңімпаздарға отандық мультфильмдердің DVD дискілері мен планшеттер және «Ұлан» газетінің бір жылдық жазылымы ұсынылды.

Балалар шығармашылығын мультипликаторлар Рамиль Усманов, Любовь Радионова, Тамара Мұқанова, Адай Әбілда және кинодраматург Салтанат Дүнгенбаева бағалады. Сарапшы комиссиясына суретші, «Қазақфильм» киностудиясының «Анимациялық кино» бірлестігінің жетекшісі Жәкен Дәненов төрағалық етті.

Байқаудың басқа да қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары ұсынылды. Ұйымдастырушылар барлық суреттердің «Жас өркен» серіктестігінің сайтында және «Ұлан», «Ақ желкен», «Балдырған» және «Дружные ребята» газеттері мен журналдарына жарияланатынын хабарлады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса