È

«Қазақфильм» «Қазақ биі» деректі таспасын ұсынды

«Қазақфильм» «Қазақ биі» деректі таспасын ұсынды

«Қазақфильм» киностудиясы «Қазақ биі» деректі таспасын таныстырды. Картина қазақ халқының би мәдениеті тарихына арналған.

«Қазақ биі» фильмін режиссер Ғазиз Насыров хореограф Анвара Садықовамен бірге түсірген. Авторлар жас балерина Жанел Ұланованың шығармашылығы арқылы көрермендерді қазақ халқының ұлттық биімен және тарихымен таныстырады. Фильмге архивті деректерден бөлек, ойнамалы қойылым түсірілімдері енді.

Жанел Ұланова

Деректі кино Астанада, Алматыда, Қызылордада, Семей мен Шымкентте түсірілді. Фильм түсіріліміне қоюшы-оператор Алексей Кирюхин, сценарийдің қосалқы авторы Салтанат Еркін және монтаж режиссері Сергей Вильковиский атсалысты.

Айта кету керек, «Қазақ биінің» тұсаукесерлі көрсетілімі Қазақстан деректі киносы күндерінің аясында өткізілді. Шара ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры және «Қазақфильм».

 

 

Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі ұсынды

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

10 желтоқсан 2017, 01:59

Вот это нам и не хватает. Ждём развитие в историческом направлении

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер