È

«Қазақфильм» жаңа қысқаметражды фильмдердің тұсауын кесті

«Қазақфильм» жаңа қысқаметражды фильмдердің тұсауын кесті

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да «Қазақфильм» киностудиясының шығармашылық-өндірістік «Дебют» бірлестігінде өндірілген 5 қысқаметражды фильмнің тұсауы кесілді. Дебюттық картиналар ҚР Мәдениет және апорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген.

Көрсетілімге фильмдердің режиссерлері, «Қазақфильм» киностудиясының сарапшылар кеңесінің төрағасы Бекболат Шекеров, «Дебют» ШӨБ жетекшісі Анар Қашағанова және «Дебют» ШӨБ көркемдік жетекшісі Дәрежан Өмір­баев қатысты.

«Дебют» - алғашқы қадам жасауға ұмтылған жас кинематографисттер үшін мемлекеттің жақсы қолдауы. Кино түсіру - өте күрделі, әрі ұзақ процесс, әсіресе жас режиссерлер үшін кино түсіру оңай емес. Егер бұрын жылына бір-екі фильм түсірілсе, қазіргі кезде жылына 5-6 фильм түсіріледі. «Свидетель дела №6», «Судебный исполнитель» - бұл мемелкет есебінен «Дебют» бірлестігі түвірген картиналар» - дейді Дәрежан Өмірбаев.

Көрерменнің назарына 2016 жылы түсірілген кинокартиналар ұсынылды: Ербол Бораншының «Пәтер», Баймұрат Жұмановтың «Жесткий тип», Асқар Әуелбектің «Миша», Әділ Мұсатаевтың «Письмо» және Дәулетжан Махмұттың «Таксист».

«Мен «Қазақфильмге» ұсыныс жасағанымда сценарий толық метрге есептелген болатын. Кәсіби маман емеспін және тәжірибем болмағандықтан маған алдымен қысқа метр түсіру қажеттігін айтты. Фильмімді 30 минутқа қысқартуға тура келді. Егер мен бірден толық метрден бастасам қателік жіберетінімді енді түсініп отырмын. Менде фильм түсіруге деген ұмтылыс болғанымен, тәжірибем болмады. «Дебют» қаржылай қолдау білдірген осң мен кәсіби түрде өстім» - дейді «Миша» фильмінің режиссеры Асқар Әуелбек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қысқаметражды картиналарды көрсетудегі мақсат – жас режиссерларға қолдау білдіру, олардың жұмысына деген қызығушылықты арттыру.

Александра Терпиловская

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

19 наурыз 2017, 21:05

Подержка начинающих режиссеров очень важна, особенно у нас в стране.

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер