È

«Қазақфильм» «Қаз дауысты... би» деректі таспасын ұсынды

«Қазақфильм» «Қаз дауысты... би» деректі таспасын ұсынды

«Қазақфильм» киностудиясы қазақ шешені Қазыбек биге арналған «Қаз дауысты... би» деректі таспасын ұсынды. Фильм тұсаукесері ҚР Ұлттық кітапханасында тарих қайраткерінің ұрпақтарының қатысуымен өтті.

«Қаз дауысты... би» картинасы XVII ғасырда өмір сүрген ділмар шебер, қазақ соты әрі би Қазыбек Келдібекұлының өмірі туралы баяндайды. Қоғам қайраткері - «Жеті жарғы» заңының алғашқы тармақтарын жасауға атсалысқандардың бірі.

Қайрат Кемалов және Ерлан Төлеутай

Фильмді режиссер Ғазиз Насыров өнертанушы Ерлан Төлеутаймен бірге түсірген. Таспа Қарағанды, Павлодар, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында түсірілген.

Фильмге Қытай мен Ресейде табылған архивті материалдар, сондай-ақ ойнамалы қойылымдар енген. Әйгілі бидің образын актер Қайрат Кемалов сомдады. Сонымен қатар, киноға Алдабек Шалбаев, Іңкәр Әбдіраш, Зарина Кәрмен және Абылай Қашқынбаев түсті.

 

 

Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер