È

«Қазақфильм» Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер Федерациясына қосылды

«Қазақфильм» Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер Федерациясына қосылды

«Қазақфильм» киностудиясы Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер Федерациясының құрамына қосылды. Отандық студия ТМД елдерінің ішінде Федерацияға бірінші болып енген.

Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер Федерациясы 1954 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның негізін гонконгтық медиамагнат, продюсер Шао Ифу қалаған. Мүшелерінің басты мақсаты – аймақтық елдер арасындағы мәдени серіктестікті нығайтып, киноөндірісінің дамуына үлес қосу.

Федерация құрамында 24 мемлекет бар. Енді қазақстандық кинематографшылары Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Үндістанмен ғана емес, Аустралия, Вьетнам, Иран, Индонезия, Жаңа Зеландия мен Сингапур сынды елдермен байланыс орната алады.

Айта кету керек, Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер Федерациясы жыл сайын кинофестиваль өткізіп тұрады, оның аясында үздік картиналар үшін Asia Pacific Screen Awards жүлдесі табысталады.

 

 

 

Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер