È

Қазақстан мен Ресей бірігіп, екі хикая түсірмек

Қазақстан мен Ресей бірігіп, екі хикая түсірмек

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және «Бірінші арнаның» бас директоры Константин Эрнст Мәскеуде кино мен телевидение өндірісін дамытуға қатысты келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келісім аясында ресей телеарнасының қатысуымен екі хикая жарыққа шықпақ. Бірінші телефильм соғыс жылдары Алматыда құрылған Біріккен орталық киностудияға арналады. Екінші жоба Астана мерейтойына арналып, Целиноградтың Қазақстан жүрегіне айналу тарихын баяндайды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, енді отандық кинематографшылар киноайналымға шығатын фильмдерді ғана емес, «Бірінші арнаның» эфирінен көрсетілетін картиналарды да түсіре алады. Министр сәтті шыққан киноөнім ретінде «28 панфиловшылар» кинотаспасын атап кетті, бұл туынды Ресейде үздік фильм атанған болатын.

Қазақстан мен Ресейдің біріккен жұмысының қашан басталатыны әзірге белгісіз.

 

 

Суреттер Арыстанбек Мұхамедиұлының Facebook парақшасынан алынды

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 22:44

Хоть, так чем ничего хотя бы историю посмотрим.

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса