«Қазақстан» теле- және киноөндіріс мамандарының біліктілігін күшейту үшін семинар ұйымдастырады
«Қазақстан» телеарнасы теле- және киноөндіріс саласы мамандарына өз біліктіліктерін жоғарылату үшін жақсы мүмкіндік беріп отыр. Арнайы практикалық семинар Астанада 26-30 қыркүйек аралығында өтеді.
Білім беру іс-шарасының негізгі мақсаты сериал түсіру контентінің сапасын жоғарылату. Семинарға «Қазақстан», «Астана», «7 арна» және «31 арна» қызметкерлері қатыса алады. Сондай-ақ семинарға Корей білім беру институтытының продюсерлік және режиссура шеберлері қатысады. _zuiu.jpg)
«Қазақстан» арнасы мен Корей білім беру институты Меморандум жасады
Кездесу аясында қатысушылар бір-біріміен тәжірибе алмасып, білімдерін толықтырады, продюсерлік, кино өндірісі және жаңа бағдарламалар мен тележобалар жасауға машықтанаджы. Телевизи нарығында жобаларды сәтті ұсыну құпияларымен де танысады.
Корей продюсерлік және режиссура білім беру институты - кәсіби институт, мұнда жоғары білікті режиссерлер мен продюсерлер дайындалады.
Айта кетейік, қыркүйектің басында телерадио жұмысын дамыту жөнінде «Қазақстан» арнасы мен Корей білім беру институты Меморандум жасасты.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін