È

Қазақстандықтар «Пули справедливости» трэш-сериалын түсірді

Қазақстандықтар «Пули справедливости» трэш-сериалын түсірді

Жақында Желіде «Пули справедливости» жаңа сериалдың тизері жарияланды. Трэш жанрында түсірілген кинолентаға көрермендер түрлі пікірлер қалдырды. Дегенмен көпшілігі жобаның релизін күтуде. Бұған дәлел - «Кинопоиск» сайтындағы фильмді күті рейтингі 97%. Жоба туралы нақтырақ продюсер, сценарий авторы және басты рөлді орындаушы Тимур Тұрысбеков әңгімелеп берді.

«Бұл менің алғашқы кинжұмысым. Лентаны түсіру туралы идея Project Zenit тобының «Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» клипі сәтті шыққан соң келді.Көрермендер толықметражды фильм көргісі келді, біз сериал түсіруге тәуекел жасадық. Сценарийді мен Валерий Милевпен («Поворот не туда 6») бірлесіп жаздым, сондай-ақ ол жобаның режиссеры. Пилоттық сериасын түсіріп біттік. Шамамен ұзақтығы - 50 минут», - дейді Тимур Тұрысбеков.

Фильмдегі оқиға Үшінші дүниежүзілік соғыстан осң 20 жыл өткеннен кейінгң уақыт. Бір кездері америкалық ғалымдар «Армейский бекон» жобасын жасаған, осы жобаның аячсында адамдар мен шошқалар будандастырылған. Нәтижесінде билікке шошқа-адам келеді, онымен бұрынғы аңшы Роб Джастис күреседі.

Бас алғыштың рөлінде Тимур Тұрысбеков, түсірілім алаңында оған серіңктес болған белгілі актер Дэнни Трехо («Ягуар», «От заката до рассвета»), актрисалар Яна Маринова, Доротея Толева және басқалар.

«Пули справедливости» сериалы Болгарияда түсірілді.

«Қазір біз краудфандинг әдісімен жобаның пост-продакшн кезеңіне қаражат жинаудамыз.Фильмді аяқтау үшін бізге 100 000 доллар қажет. Біз интернет форматқа бет бұрып тұрмыз, сапасы жағынан сериалды үлкен экранға шығаруға да болады», - дейді продюсер.

Indiegogo.com сайтында жиналып жатқан қаржыға түсірушілер жаңа эпизодттар түсіруді жоспарлап отыр. қазіргі таңда көпсериалы картина 6 мың доллардан астам қаржы жинады.

Продюсердің айтуынша қазақстандық аудитория мақсатты аудитория емес. Сериал шетелдік көрерменге арналған, өйткені Қазақстанда қара әзіл мен сатира танысал емес.

«Пули справедливости» сериалының пилоттық нұсқасы ағымдағы жылдың көктемінде дайын болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер