Қазақстандық «Джульетта на пенсии» Самараны бағындырды
Отандық қысқа метр «Джульетта на пенсии» Самара фестивалінде әуесқой кино 70/30 бөлімінде көрсетілді. Таяуда фестивальдің ұйымдастырушылары үздік фильмдер мен актерлерді жариялады.Ең үздік әйел рөлін «Джульетта на пенсии» фильмінде басты рөлді ойнаған біздің отандасымыз, журналист Виктория Козина иеленді. Фильм режиссеры – Ольга Нагаева.
Фильмдегі оқиға екі құрбы картина сататын Арбатта болған. Құрбылардың бір жігітке ғашық болуы олардың арасындағы достыққа сызат түсіре ме? Айта кету керек, фильмде бас актриса өте қауіпті трюкті орындады, ол автокөлікке тіркелген роликте сырғанады. Викториямен бірге түірілім алаңын Вера Христофориди және Владимир Батенев бөлісті.

«Джульетта на пенсии» түсірілімі
Бұған дкйін Ольга Нагаеваның картинасы Нью-Йоркте өткен еуразиялық кинофестивальде көрермен көзайымы сыйлығын алып, Хорватиядағы FIFES кинофоурымының дипломына ие болды. Бристолдағы Encounters фестивалінде де көзге түсті.
Етеріңізге сала кетейік, Самарра қысқаметражды әуесқой кино 70/30 фестивалі 2013 жылдан бастап өткізіледі. Жоба аясында дәстүрлі түрде шеберлік кластары, шығармашылық кездесулер мен дәрістер өткізіледі. Ұйымдастырушылары - «Каракатица» киностудиясы және «ИнфоМеиаСервис».
Әйгерім Қасқыр
Тақырып бойынша:







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін