È

Қазақстандық қысқаметражды фильмдер «Үмүт» фестиваліне аттанды

Қазақстандық қысқаметражды фильмдер «Үмүт» фестиваліне аттанды

28-і мен 31 қазан аралығында Бішкекте «Үмүт» деп аталатын ТМД елдерінің жас киносышыларыныңТөртінші Форумы басталады. Төртінші Форумды Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат жіне туриз министрлігіне қарасты Кинемотография департаменті ұйымдастырып отыр. Іс-шараның бас серіктесі «Синематика» желісі.

«Үмүт» байқауының басты мақсаты - ТМД елдерінің арасындағы кинемотография мен мәдениет саласына қатысты диалогын қалыптастыру, жас дарындарға қолдау көрсету. Биылғы жылы бағдарлама 4 секцияға бөлінген: «Ойын фильмдерінің халықаралық байқауы», «Деректі фильмдердің халықаралық байқауы», «ойын фильмдерінің ұлттық байқауы» және «Деректі фильмдердің ұлттық байқауы». Форумға барлығы 41 фильм қатысады.

Кинотанушы және «Үмүт» бағдарламалық директоры Гүлбара Толомушева және режиссер Әлижан Насиров

Халықаралық байқауға қазақстаннан алты картина қатысады. ойын фильм секциясына Шерхан Қуанәлінің «Фотограф» қысқа метрі. деректі фильм секциясына Қымбат Тойшының «Ауыл тынысы» , бұл «I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды фильмдер феестивалінде Үздік деректі фильм деп танылған болатын. Аян Бұғыбаевтың «Заика» , Константин Суровтың «Ведать», Серік Сәрсенбаевтың «О, счастливчик» және Аруана Анартаевтың «Продавец ностальгии» фильмдері қатысады.

Байқау бағдарламасына ТМд және балтияның белгілі киносыншылары, кинотанушылары, режиссерлері мен продюсерлері қазылық ететін болады.

Жеңімпаздари келесі номинациялар бойынша анықталады: «Үздік қысқаметражды ойын фильмі», «Үздік деректі фильм». «Үмүт» жүлдесі ойын фильміне де, деректі фильмге де беріледі. Арнайы жүлде де қысқаметражды ойын және деректі фильмдерге беріледі.

Байқау аясында ұймдастырушылар шеберлік кластарын, таныстырылымдарн, жөңгелек үстелдер өткізеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер