È

Майкл Джексонның қазақстандық егізі киноға түсті

Майкл Джексонның қазақстандық егізі киноға түсті

Шымкентте «Алқа» атты толықметражды фильмнің түсірілімі аяқталды. Картинаға көпшілікке поп-музыка патшасы Майкл Джексонның егізі арқылы жақсы танылған әнші Айбек Байназаров түсті. Ғаламторда фильмнің ресми емес трейлері де пайда болды.

«Алқа» жобасы – бұл Тимур есімді жігіт жайлы баяндайтын тылсым драма. Ол кішігірім компанияда менеджер болып жұмыс істейді және басқарушы Дианаға ғашық. Тимур соңғы ақшасын сүйіктісіне сыйлық алуға жұмсайды, бірақ бойжеткен оған жауап қатпайды. Көңілі құлазыған жігіт өзіне көмектескісі келетін белгісіз біреуді жолықтырады. Бірақ, алдымен олар бір ескі алқаны қолға түсірулері керек.

Тимур рөлі AYBA лақап атымен шығып жүрген әнші Айбек Байназаровқа сеніп тапсырылды. Әнші шынайы Майкл Джексон образын сахнаға алып шығып, танымалдылыққа ие болған. Отандасымыз өзінің актерлік қабілетін кинода алғаш рет сынап отыр.

Сондай-ақ, фильмге Әмина Тұрарова, Шапағат Орынбаев, Айдар Аманбай және Бағлан Жолдасов түсті.

«Алқа» картинасы Аман Сүйімбаевтың сценарийі бойынша түсірілді. Таспаның қоюшы-режиссері - Сұлтан Бақытжанұлы, продюсері - Зинаида Андреева.

Авторлардың айтуынша, фильм тұсаукесері жақын арада болады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 мамыр 2018, 02:05

Может и так в Голливуд скоро

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер