È

Қазақстандық «El Freeman» фильмі Madrid International Film Festival-ге қатысады

Қазақстандық «El Freeman» фильмі Madrid International Film Festival-ге қатысады

Қазақстандық «El Freeman» фильмі Madrid International Film Festival-дің қатысушысы атанды. Кинотаспа негізгі байқауға өтіп, бірден «Көркем фильмдегі үздік операторлық жұмыс» пен «Үздік режиссер-дебютант» атты екі аталымда бақ сынайды. Кинокөрсетілім Испанияның астанасы Мадридте өтіп жатыр. Фестиваль 28 шілдеге дейін жалғасады.

«El Freeman» («Эль Фриман») картинасы - режиссер, актер әрі сценарист, Невададағы «Либертус» кинолабораториясының негізін қалаған Елжас Рахымбековтың дебютті толықметражды жұмысы. Қоюшы «Еуразия-2015» ХКФ «Work-in-progress» аталымының жеңімпазы, Таллиндегі ХКФ қатысушысы және «Арман» (2017) таспасындағы ойыны үшін Қазақстан Киносыншылар қауымдастығының нұсқасы бойынша «Екінші қатардағы үздік ер адам рөлі» категориясының номинанты болып табылады.

Фильмдегі сюжет Лос-Анджелесте тұратын иммигранта Эльдің айналасында өрбиді. Еркек жүк тасушы болып жұмыс істейді және ұрлық жасау арқылы ақша табады. Досымен бірге кілттердің көшірмесін жасап, бұрынғы клиенттерді тонайды. Күндердің бір күнінде жалғызбасты ақкөңіл қарт Эльдің клиенті болады.

Қылмыстық драманың сценарийін Елжас Рахымбеков пен Эрик Кьонаш жазды. Таспаны «Қазақфильм» киностудиясы Libertus Films-пен бірге өндірген. Жобаны продюсерлеумен Анар Жүнісова, Мариэтта Волынска және Нұрлан Рахымбеков айналысты.

Айта кетсек, Madrid International Film Festival 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Көрсетілімде жас киноқайраткерлерге, заманауи тенденцияларға және кинематографты дамытатын трендтерге баса назар аударылады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер