È

«Хат» отандық фильмі Oberhausen International Short Film Festival-дің қатысушысы атанды

«Хат» отандық фильмі Oberhausen International Short Film Festival-дің қатысушысы атанды

Қазақстандық «Хат» қысқаметражды фильмі Oberhausen International Short Film Festival-дің негізгі байқауына енді. Кинокөрсетілім Германияда, Оберхаузен қаласында 2018 жылдың 3-8 мамыр аралығында өтеді.

«Хат» картинасы – балалар үйінің тәрбиеленушісі жайлы баяндайтын қысқаметражды драма. Оның түсіне анасы жиі кіреді, бірақ ол оның бейнесін есіне түсіре алмайды. Бала оны қатты сағынып, хат жазуды ұйғарады.

«Бұл хикая Өскемен қаласындағы балалар үйінде болған шынайы оқиғаға негізделген. Танысым Назым Дюсимбинова сол туралы айтқан кезде, дайын драматургияны көрдім. Тек оқиғаны кино тіліне аудару ғана қалды. Қоюшы-оператор Ақылбек Әбдірахманов екеуіміз хикаяны тек бейнелер арқылы сөйлетуді жөн көрдік», - деп бөлісті фильм режиссері әрі сценарий авторы Әділ Мұсатаев.

Таспа кейіпкерін мектеп-интернат оқушысы Станислав Боенков сомдады.

Oberhausen International Short Film Festival – Германияда 1954 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ең көне қысқаметражды кинофестивальдердің бірі. Кинокөрсетілімге бүкіл әлемнен жаңашыл әрі авторлық жұмыстар қатыса алады. Жеңімпаз автоматты түрде «Оскар» алушы үміткерлердің тізіміне енеді.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

3 мамыр 2018, 23:36

Молодцы!

Таныс бейне

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер