È

«Күнбағыс» отандық фильмі күрделі жасөспірімдер тақырыбын қозғайды

«Күнбағыс» отандық фильмі күрделі жасөспірімдер тақырыбын қозғайды

Биылғы қыркүйектің соңында «Қазақфильм» киностудиясы бастапқы аты «Айлақ» болған «Күнбағыс» фильмінің түсірілімін аяқтады. Кинокартина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді.

«Күнбағыс» фильмі көрермендерге ғаламторға тәуелді болған, артынша отбасындағы қарым-қатынасы мен мектептегі сабағы нашарлап кеткен жасөспірім туралы баяндап береді.

«Күнбағыс» фильмінің түсірілімі / kazakhfilmstudios.kz
«Күнбағыс» фильмінің түсірілімі / kazakhfilmstudios.kz

Картинаның екі мақсаты бар: біріншіден, отбасы құндылықтарының әр адамның өміріндегі басты бөлігі екенін көрсету, екіншіден, ата-аналар балаларын виртуалды әлемге беріліп кетуден қорғауы тиіс.

Таспа режиссері - Эля Гильман, сценарийін Расул Шыбынтай жазды. Картинадағы басты рөлді жас актер Рашид Мусин сомдады. Басты кейіпкердің анасын Сербиялық актриса Слобода Мичалович сомдады. Түсірілімге «Нюхач» хикаясы арқылы танылған Кирилл Кяро қатысты.

«Күнбағыс» фильмінің түсірілімі / kazakhfilmstudios.kz
«Күнбағыс» фильмінің түсірілімі / kazakhfilmstudios.kz

Түсірілім кезінде қиындықтар да болды, ол туралы фильм директоры Бахтияр Әзизов айтып берді:

«Түсірілім кезінде біз Өскеменге, нақтырақ айтқанда, Бұқтырмаға бардық, өзен қаладан 200 км жерде орналасқан. Ол жақта инфрақұрылым жоқ, тіпті тамақтанатын жерлер де жоқ. Біз айдалада жұмыс істедік, түсірілім уақытында жаңбыр жауып тұрды, айналамыз лайға толы болды».

Авторлар картинаның қашан көрсетілетінін айта қоймады. Белгілісі, тұсаукесердің алдында «Күнбағыс» түрлі халықаралық кинофестивальдерге қатысады.

 

Данил Жигалин

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер