È

«Куб» отандық қысқа метрі «Short Shorts Film Festival & Asia» фестивалінің қатысушы атанды

«Куб» отандық қысқа метрі «Short Shorts Film Festival & Asia» фестивалінің қатысушы атанды. Қазақстан киносы

«Куб» отандық қысқаметражды фильм «Short Shorts Film Festival & Asia» атты ең ірі азиаттық кинофестивальге қатысатын болды. Режиссер Максим Қодаровтың қысқа метрі «Азиаттық фильмдер арасындағы Халықаралық байқау» бөлімінде ұсынылады. Биыл фестиваль Токиода 1-25 маусым аралығында өтеді.

«Куб» драмасы музыкалық мектепте тазалаушы болып жұмыс істейтін егде тартқан әйел туралы. Бірақ, көпшілігі оның кезінде дарынды скрипкашы болғандығын біледі. Алайда, тағдырдың тәлкегіне түскен әйел музыка әлемінен алыстап кетеді. Ендігі кезекте ол болашақ музыканттардың талантына тамсанып қана жүре алады.

Фильм түсіруге қоюшы-оператор Айдар Оспанов, қоюшы-суретші Бекен Нарбаев, продюсерлер Руслан Тілемісов пен Саин Габдуллин, дыбыс режиссері Никита Карев және басты рөлдегі актриса Жанна Набиева атсалысты. «Куб» фильмі «Жеті ата» мен «Компания Кино» киностудияларының негізінде түсірілген.

«Куб» фильмінен көрініс

«Short Shorts Film Festival & Asia» - 1999 жылы негізі қаланған азиаттық қысқаметражды кинофестивальдің ең ірісінің бірі. Фестиваль бағдарламасында келесі бөлімдер ұсынылған: «Халықаралық байқау», «Жапон фильмдері арасындағы байқау», «Жерді құтқар!» және «Азиаттық фильмдер арасындағы Халықаралық байқау».

Айта кетерлігі, «Гран-приді» иеленген туынды автоматты түрде «Оскар» жүлдесінің «Үздік қысқаметражды фильм» санатының үміткерлер тізіміне енеді.

Еске сала кетсек, «Куб» қысқаметражды картинасы 2016 жылы «Zhaik Film Fest» кинофестивалінің жеңімпаздары тізіміне кірген болатын. Ол кезде таспа «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер