È

«Әке»

«Әке»

Жас режиссер Фариза Танаева бңр отбасының тағдыры туралы «Әке» атты қысқа метр түсірді. Жас қызға лентаны түсіруге курстастары, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА 5 курс студенттері көмектескен.

«Әке» адамның әлсіздіктері туралы оқиға. Сюжет алты жаср қыз бала туралы, оның ата-анасы біраз уақыт бұрын бір-бірінен алыстап кеткен.

Режиссер Фариза Танаева

«О баста сюжет болған оқиғаға негізделді. Бірде мен өз балалық шағымдағы кейбір сәттерді есіме түсірдім. Осындай естеліктер жинақтала келе толықтай көріністердің коллажы шықты. Мен осыдан кейін бұдан фильм шығаруға болар деген ойға келдім. Бірақ толыққанды оқиға шығу үшін кейбір тұстарын өзгертуға, толықтыруға тура келді. О бастағы сценариий толықтай өзгерді», - дейді Фариза.

Түсірілім өткен жылдың қараша айында өтті, 6 күнге созылды. Басты рөлдерді театр актерлері Рүстем Жаныаманов, Нұргүл Мынғатова және 5 жасар Нұрсая Қабдысалам ойнады.

Фаризаның айтуынша, оқиғаның жалғасы ретінде толықметражды фильм түсіруге болады. Өйткені соңы аяқталған жоқ.

Сәуірде «Әке» Түркиядағы Eskisehir Uluslarara­si Kisa Film Festival байқауына қатысты. Естеріңізге сала кетейік, режиссердің бұған дейінгі жұмысы «A boomerang» Чилидегі BioBioCine байқауына қаытсқан болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлепберген Байсақалов

Актер