Кэмерон Диаз «расында да жұмыстан алшақтап кеткенін» хабарлады

90-2000 ж.ж. сұранысқа ие болған танымал актриса Кэмерон Диаз («Барлығы Мэриге ессіз ғашық», «Чарли періштелері») үлкен кинохиттерде көптеген басты рөлдерді сомдаған. Бірақ, Entertainment Weekly-ге берген сұхбатында ол «расында да жұмыстан алшақтап кеткенін» хабарлады.

Диаз 2002 жылы «Сүйкімді қыздар» фильмінде бірге түскен жұлдыздар Кристина Эпплгейт пен Сэльма Блэрдің жанында отырған кезде, жаңа жобаны талқылау кезінде былай деді: «Бұл іспен мен айналысуым керек шығар. Білесіздер ме, мен төмен құлдилап бара жатқанымды меңзеп отырмын. Мен ештеңе істемейтін болдым». Эпплгейт балаларының тәрбиесіне байланысты киноларға аз түсіп жүргенін айтқан соң, Диаз да өз пікірін білдіре кетті: «Мен де расында жұмыстан алшақтап кеттім, бірақ Кристинамен және Сэльмамен қайта кездескенім үшін қуаныштымын».

Кэмерон Диаз соңғы рет 2014 жылғы «Энни» отбасылық комедиясы арқылы экранға шыққан болатын. Диаздың «зейнетке» шыққаны жайлы ақпарат осы айда пайда болды, себебі Блэр «Сүйкімді қыздар» сиквеліне түскісі келетінін, алайда «Кэмеронның расында да жұмыстан қол үзіп қалғанын және онсыз да көп нәрсе істегенін» айтқан еді. Кейін, Сэльма Блэр Twitter' парақшасында бұл пікірді қалжың ретінде айтқанын білдірді: «Кэмерон Диаз ЕШҚАЙДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ЖОҚ. Және маңызды жедел хабарлама: ЕНДІ мен Кэмерон Диаз туралы жаңалықтарды тарату үшін сендерден кетемін».

«Сүйкімді қыздар» жалғасының түсіріліміне қатысты даудан соң, түпнұсқа сценарийінің авторы Нэнси Пиментал былай деді: «Жалғасына қатысты ешқандай да қызу пікірталас жоқ, бірақ менде ылғи осы жайлы тың идея туындап жүреді. Түсірілім барысында жұмысқа белсене кірісіп кеткеніміз соншалық, бір-бірімізге жақсы көзқарас таныттық, сол үшін барлығына алғыс айтамын».
Режиссер Роджер Камбл романтикалық комедияның жалғасымен кез-келген жағдайда жұмыс істеуге әзір екенін жеткізді: «Мені сол дарынды адамдармен бірге жұмыс істеуден басқа ештеңе соншалықты бақытты ете алмайтын шығар».
.jpg)






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
6 апреля 2018, 00:40Думаю она вернется в кино. Только надо немного подождать