È

Ермек Тұрсыновтың киноклубы «Транссібір экспрессі» фильмін ұсынады

Ермек Тұрсыновтың киноклубы «Транссібір экспрессі» фильмін ұсынады. Қазақстан киносы

25 сәуір күні Ермек Тұрсыновтың киноклубында «Транссібір экспрессі» фильмі көрсетіледі. Кештің арнайы шақырылған қонағы - басты рөлді сомдаушы Асанәлі Әшімов.

Шытырманға толы «Транссібір экспрессі» атыс-шабыс фильмін 1977 жылы режиссер Эльдор Оразбаев түсірген. Картина 1927 жылғы оқиғаны баяндайды. Яғни, транссібір экспрессі арқылы КСРО-мен сауда қарым-қатынасын орнату үшін жапон компаниясының басшысы Мәскеуге аттанады. Алайда, екі ел достығына қарсы болған дұшпандар жапон кәсіпкерін қалайда тоқтатуға тырысады. Кейіпкердің қауіпсіздігі кеңес кезеңінің барлаушысы Чадьяровқа жүктеледі.

Картина тетралогиядағы агент Чадьяров туралы екінші фильм болып саналады. Алғашқы фильм - «Атаманның ақыры» (1970), келесі таспалар: «Манчжур нұсқасы» (1989) және «Сіз кімсіз, Ка мырза?» (2010). Барлық бөлімдерде басты кейіпкердің рөлін Асанәлі Әшімов сомдады.

«Транссібір экспрессі» фильміне сценаристер Александр Адабашьяш пен Никита Михалков, екінші режиссер Ермек Шынарбаев, қоюшы-оператор Вадим Алисов және т.б. асталысты.

КСРО кинематографистер Одағының мәліметінше, 1978 жылы кинотаспаны 24 миллионға жуық көрермен тамашалаған.

Фильм көрсетілімі ҚР Ұлттық кітапханасында сағат 19:00-де болады.

Көрсетілімнен кейін көрермендер актер Асанәлі Әшімовке өздерінің сұрақтарын қоя алады.

Кіру тегін, сілтеме арқылы тіркелуге болады (http://lectoriy.kz/ - сілтеме)

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер