È

Олег Борецкийдің киноклубы «Человек, который познал бесконечность» фильмін ұсынады

Олег Борецкийдің киноклубы «Человек, который познал бесконечность» фильмін ұсынады

4-мамыр күні Олег Борецкийдің киноклубы «Человек, который познал бесконечность» фильмін көрсетеді. Кеш картинада басты рөлді сомдаған үнді актері Дев Пателдің («Миллионер из трущоб») шығармашылығына арналған.

«Человек, который познал бесконечность» кинотуындысы - Мэтт Браунның режиссерлік әрі сценарийлік жұмысы. Картина 2015 жылы түсірілген. Фильм көпшілік мойындаған үнді математигі Сринивас Рамануджан жайында баяндайды. Картинада өткен жүзжылдықтың басындағы оқиғаны көрсетеді. Сринивас үнді қалашығы Мадраста ірі компаниялардың бірінде қара жұмысшы болып істейді. Бір күні әріптестері бозбаланың бойынан математикалық қабілетті байқап, алдыңғы қатарлы университеттің профессорларына хат жазып көруін ұсынады. Хаттардың бірі Кембридж университеті профессорының қолына түседі. Нәтижесінде ол Сринивасты әңгімелесуге шақырады. Өмірбаянға құрылған драма Роберт Канигельдің фильммен аттас романының желісімен түсірілді.

Көрермендер Дев Пательден бөлек, картинадан Джереми Айронсты («Кредо убийцы»), Малкольм Синклерді («Казино Рояль»), Стивен Фрайды («Хоббит: Битва пяти воинств») және т.б. актерларды көре алады.

Көрермендер көрсетілімнен кейін өз әсерлерімен бөлісіп, киносыншы Олег Борецкийдің пікірін тыңдай алады.

Көрсетілім сағат 19:00-де «Цезарь» кинотеатрында өтеді. «Человек, который познал бесконечность» фильміне арналған билетті кинотеатрлар афишасынан ала аласыздар.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

16 тамыз 2017, 10:42

хороший байэпик

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер