È

Alatau Film кинокомпаниясы «Екі адамдық мақала» фильмін таныстырды

Alatau Film кинокомпаниясы «Екі адамдық мақала» фильмін таныстырды

Alatau Film кинокомпаниясы көпшілік қауымға өзінің екінші жобасы - детектив элементтері бар «Екі адамдық мақала» комедиясын таныстырды. Алдын ала көрсетілім шақырылған қонақтар мен фильм авторларының қатысуымен Алматыдағы Kinopark 8 Moskva-да өтті.

«Екі адамдық мақала» комедиялық таспасы - «Nya Nya аға» және «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаялары арқылы танылған режиссер Дархан Сәркеновтың дебютті толықметражды жұмысы. Қоюшы картинаны 2016 жылы түсірген, алайда техникалық жағдайларға байланысты фильмнің экранға шығатын уақыты 2 жылға созылған.

«Екі адамдық мақала» фильмінен көрініс
«Екі адамдық мақала» фильмінен көрініс

Сюжет бойынша басты кейіпкер Абай - журналист, ол жақсы мақала жаза алмай жүреді. Кейіпкер сенсация іздеп жүріп, кезінде дарынды журналист болған атасының ескі қолжазбаларын тауып алады. Жазбада металлдар мен құрылғыларды заңсыз саудалаған Бек деген белгісіз біреу туралы айтылған. Абай зерттеуге кіріседі. Бірақ, жігітті редакция жұлдызы Райана басып озды. Кейіпкер қалай да осы істі қолға алып, мақала жазуы тиіс, болмаса жұмысынан айырылып қалуы мүмкін.

«Идея біздің қайыршыларға беретін 100 теңгеміздің қайда кететінін білуден туындады. Біз осы тақырыпты зерттеп, ашуға тырыстық. Фильмді көңілсіз емес, атыс-шабыс пен мелодрама элементтерін қосып, жайлы әрі күлкілі жасадық. Қолымыздан келді деп ойлаймын. Alatau Film-нің бірінші жобасы 60%-ға ақталды. «Екі адамдық мақала» көрермендерге ұнайды деп үміттенеміз, өйткені бұл коммерциялық форматта түсірілді. Картина бюджеті 11 миллион теңгені құрады. Фильм жинағы 15 миллион теңгеге жуық болады деп жоспарлаудамыз», - деп түсіндірді продюсер әрі сценарийдің қосалқы авторы Дастан Сейітов.

«Екі адамдық мақала» фильмінен көрініс
«Екі адамдық мақала» фильмінен көрініс

Журналистік зерттеу кейіпкерлері - Абай мен Райананы Рысқұл Қонақбаев және Малика Елхан сомдады. Сонымен қатар, фильмге танымал актерлар Еркен Губашев, Фархат Әбдірайымов, Төлепберген Байсақалов және Өзбекстан актерлары Фуркат Фазиев пен Рустам Сафаров түсті.

«Мен қонақтармен бірге фильмді бірінші рет көрдім. Шынымды айтсам, көп нәрсе күтпедім, сондықтан нәтижеге ерекше таң қалдым. Мен әрдайым жақсы нәрсені ойлауға тырысамын. Біздің фильм көрермендерге ұнайды деп сенемін. Ал біз әрине, сындарлы әрі адекватты сын естуге дайынбыз», - деді актриса Малика Елхан.

«Екі адамдық мақала» еліміздің кинотеатрларынан 30 тамыздан бастап көрсетіледі. Көрсетілімнің ыңғайлы уақыт кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

 

Көрсетілімге шақырғаны үшін Alatau Film кинокомпаниясына, S­ulpak Cinema компаниясына және Kinopark кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреміз.

 

Превью: Kinopark ұсынды

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер