È

«Бродвей» кинопорталы мәдениет және өнер саласындағы үздік сайт атанды

«Бродвей» кинопортал мәдениет және өнер туралы үздік сайт атанды

Awards.kz XIV Ұлттық интернет-жүлде жеңімпаздарды жариялады. Дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстанның мәдениет және өнер жайындағы үздік сайтын ретінде «Бродвей» (brod.kz). кәсіби кинопорталы танылды.

Awards.kz - Қазақстандағы веб-сайттар мен мобильді қосымшалар арасында табысталатын жалғыз жүлде. Жүлде 1999 жылдан бастау алған. Жобаның мақсаты - Қазнет сапасының өсуіне түрткі болу.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазақстанның интернет-қолданушылары және тәуелсіз сарапшылар дауыс береді. Екінші кезеңде халықаралық сарапшылар, яғни веб-мамандар мен журналистика саласының мамандары өз бағаларын береді. Биыл қазылар алқасының мүшелігіне 6 елдің мамандары енді, олар үш ай бойы жеңімпаздарды анықтады. Мұқият іріктеудің нәтижесінде 12 тематика бойынша және 11 негізгі номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Берілген дауыстар мен мамандардың бағасы бойынша «Бродвей» кинопорталы 7,09 балл жинап,«мәдениет және өнер» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Екінші орын Астана балет театрның сайтына (6,54 балла) бұйырса, үшінші орынды қазақстанның ашық кітапзанасы интернет-парақшасы (6,23 балла) иеленді.

«Бродвей» кәсіби кинопорталы - бұл қазақстандық кинематограф және оған қатысты барлық деректерді қамтитын ресурс. Портал - қазақстандық киноөндіріс өкілдерінің және қарапайым киносүйер қауым мен жас мамандардың басын біріктіретін алаң. Жоба 2012 жылы жұмысын бастап, содан бері оқырмандарын отандық кинемотограф жөніндегі тың жаңалықтарымен қуантып келеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер