È

«Қазақфильм» киностудиясы Әбіш Кекілбаевтың «Құдық» повесін экрандамақ

 «Қазақфильм» киностудиясы Әбіш Кекілбаевтың «Құдық» повесін экрандамақ

«Қазақфильм» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Құдық» повесін экрандауға кірісті. Бейімделген сценарий авторы және фильмнің режиссеры - Жаңабек Жетіруов. Оператор - Рифкат Ибрагимов, продюсер - Ертай Рахманбердиев.

«Құдық» повесі құдық қазушы Еңсептің тауқіметті тағдыры жайлы. Кейіпкердің оқиғасы арқыды шығармада бәсекелстік, жостық және тәкәппарлық секілді адамға тән қасиеттер көрсетілген.

Болашақ картинада повестің фабуласы мен сюжеті сақталған, тек экрандауға аса қажетті кейбір мотивтер мен жолдар енгізіпті. Повестің түпнұсқа атауын «Шыңырау» («Бездна») деп атауға ұйғарыпты.

Режиссер Жаңабек Жетіруов

«Шыңырау» фильмінің түсірілімі Маңғыстау облысындағы Үстіртте, Ақтау қаласында және Каспий теңізінің жағалауында түсіріледі.

Режиссер Жаңабек Жетіруов Әбіш Кекілбаевтың шығамашылығына арналған «Самғау» деректі лентасының да авторы. Кинематографист жұмыстарынуң ішінде «Дүние жарық» және «Аққыз» картиналарын ерекше атауға болады.

«Шыңырау» фильмінің актерлер құрамы әлі анықталған жоқ. Басты және қосымша рөлдерге кастинг жалғасуда.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер