È

«Қазақфильм» екі анимациялық фильмді өндіріске жіберді

«Қазақфильм» екі анимациялық фильмді өндіріске жіберді

«Қазақфильм» киностудиясы отандық көрермендерді екі толықметражды екі анимациялық фильммен таңғалдырмақ. «Мұзбалақ» мультфильмімен жұмыс басталып та кетті, ал екінші жоба «Күлтегін» мультфильмінің дайындық жұмыстары пысықталуда.

«Мұзбалақ» сценарийін Ербол Бораншы жазды, режиссерлері Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы. Сюжет бойынша әділ де қайрымды жас жігіт Ақтасқа туған ауылын құтқаруға тура келеді. Кейіпкер мен оның жолсері шегір батыл қыранды іздеуге шығады. Сол қыран ғана қатігез, адамжегіш Айдархарды жеңе алады.

«Күлтегін» анимациясы түркі мемлекетінің құрылуы жөнінде. Сценарий авторы және режиссері - Адай Әбілдинов, авторларының бірі - Жәнібек Нұрбекұлы.

Мультипликациялық жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен жүзеге аспақ.

Екі кинолентаның да түпнұсқа дыбысталуы қазақ тілінде болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

Жерар Депардье

Актер