È

Kinopark Theatres командасы Cinemacon-2018 кинокөрмесіне барды

Kinopark Theatres командасы Cinemacon-2018 кинокөрмесіне барды

Kinopark Theatres желісінің командасы CinemaCon-2018 кинокөрмесіне барды. Киноөндіріске арналған ең ірі шараның бірі Лас-Вегаста өтті.

CinemaCon кинокөрмесі Кинотеатрлар иелерінің ұлттық қауымдастығы Конвенциясымен (The National Association of Theatre Owners) 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. CinemaCon-да кинотеатралды желілердің өкілдері, дистрибьюторлық компаниялар, киноөндірушілер, құрылғы өндірушілер мен жеткізушілер мен студиялар кездеседі. Кездесу барысында жаңа фильмдердің тұсауы кесіліп, көрсетіліп қана қоймайды, сонымен қатар киноөндірістегі өзекті мәселелерді қаузайтын конференциялар ұйымдастырылады. Биылғы жылы Kinopark Theatres кинотеатралды желісі де қонақтардың арасынан табылды.

2018 және 2019 жылдары айналымға шығатын фильмдерді Walt Disney, Warner Brothers, Paramount, Universal және Sony Pictures студиялары мен компаниялары таныстырды. Көрмеге әлемдік деңгейдегі жұлдыздар қатысты: Сандра Буллок, Кейт Бланшет, Энн Хэтэуэй, Джейсон Момоа, Бенедикт Камбербэтч, Брэдли Купер, Ченнинг Татум, Энди Серкис, Сара Полсон, Джона Хилл, Том Круз және т.б.

Көрме аяқталған соң Kinopark Theatres командасы IMAX корпорациясының Лос-Анджелестегі басты кеңсесіне шақырылды, ол жақта атқарушы вице-президент Дэвид Кейли командаға жаңа IMAX Laser лазерлі проекторын таныстырды. Жақын уақытта Kinopark Theatres Ақтөбе, Шымкент, Өскемен мен Астана қалаларында жаңа IMAX кинозалдарын ашуды жоспарлап отыр. Команда құрамында әртістер Тәуекел Мүсілім мен Газрет Ержанов болды.

Kinopark Theatres Қазақстанның 4 қалаларындағы 8 кинотеатрды қамтитын кинокөрсетілімнің отандық нарықтағы алдыңғы компаниясы болып табылады. Залдардың жалпы саны - 58. Kinopark Theatres кинотеатрларында IMAX (Kinopark 11 IMAX Esentai, Kinopark 8 IMAX Saryarka, Kinopark 7 IMAX Keruen) технологияларымен қамтылған залдар табысты түрде жұмыс істеп келеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса