È

«В поисках мамы» комедиясы 140 миллион теңге жинады

Кассовые сборы с 16 по 19 февраля

Өткен аптада прокатқа «В поисках мамы» фильмі, «Оскара-2017» номинанты «Лев» драмасы және «Обитель зла: Последняя глава» фантастикалық триллерінің қорытынды бөлімі шықты.

Өткен демалыс күндеріндегі кассалық табыс бойынша рейтинг* көшбасшысы «В поисках мамы» комедиясы болды. Қырғызстан, Қазақстан және АҚШ бірлесіп түсірген картина 140 069 120 теңге жинады. Фильмнің режиссеры Руслан Акун - «Салам, New York» және «Я люблю тебя, Бишкек» секілді фкомедиялық фильмдерді түсірген. Тәуекел Міслім үшін бұл жоба үлкен кинодағы дебюті. Фильмнің негізгі түсірілімі Лос-Анджелесте өтті.

алдыңғы фильмен екі есе аз табс тапқан британдық Пол Уильям Скотт Андерсонның «Обитель зла: Последняя глава» фильмі. Тұсаукесерлік демалыс күндері триллер 74 160 700 теңге пайда түсірді. Франшизаның соңғы бөлімінің түсірілімін 2013 жылы бастау жоспарланған болатын, алайда Милла Йововичтің жүктілігіне байланысты ьүсірілім уақыты 2014 жылға, ал релизі 2016 жылға ауыстырылған болатын. Фильмнің бюджеті - 40 миллион доллар, бұл ең бірінші бөліимдерінен басқа алдыңғы бөлімдерінің бюджетінен аздау, алғашқы бөлімі 2002 жылы түсірілген болатын.

«Обитель зла: Последняя глава» фильмінен кадр

«Джон Уик 2» прокаттың екінші аптасында қожынға 55 517 210 теңге салды. Фильмнің режиссеры Чад Стахелски, ол «V» значит Вендетта» фильмін түсірген, «Матрица» трилогиясында каскадер болды. Бұған дейін режиссер телеэкранға приквелдің шығатынын айтқан еді. Автор Дерек Колстадтың айтуынша, сценарийі дайын, ол Стивен Кингтің шығармасынан шабыттанған көрінеді. боевиктің жалғасын түсіру түсірушілерге 40 миллион долларға түсті, бұл алдыңғы бөлімінен екі есеге көп.

«Лего фильм: Бэтмен» анимациясы 57 530 020 теңге жинады. Мультфильмдегі көптеген кейіпкерлердің образы мына кинокартиналардағы репрсонаждарға ұқсайды: Мысық әйел Холли Бериге («Женщина-кошка» 2004), Пингвин Дени ДеВитоға (Бэтмен возвращается» 1992), Улы плющ Ума Турманға («Бэтмен и Робин» 1997) ұқсас. Анимацияда Робин үнемі көңілді жүреді әрі көзілдірік тағады, ал Бэтгёрл афроамерикандық ретінде көрсетілген.

Атышулы «На пятьдесят оттенков темнее» кассаны 46 036 100 теңгеге толықтырды. Кристиан Грейдің бұрынғы көңілдесі Элена Линкольннің рөліне Ким Кэтролл, Мишель Пфайффер және Шарлиз Терон үміткер болды Алайда рөл Ким Бейсингерге («Славные парни») бұйырды. Режиссерлық орынға үміттенгендер Ребекка Томас, Марк Пеллингтон және Таня Уэкслер. Нәтижесінде Джеймс Фоули режиссерлық етті.

«Лев» фильмінен кадр

Австралиялық режиссера Гарт Дэвистің «Лев» фильмі 36 437 750 теңге табыс тапты. Лентаның сюжеті Саро Брирлидің болған оқиғасна негізделген, бұл туралы «Долгий путь домой» автобиографиялық романында баяндалған. Түсірілімнің басталғаны жайлы 2013 жылы жарияланды, алайда түсірім тек 2015 жылы басталды. Картина Үндістанда және Австралияда түсірілді. «Лев» картинасының түсіріліміне Саро Брирли мен оның отбасы қатысты.

Көшбасшылар алтылығына «Великая стена» фильмі кіре алмады, табысы – 22 889 100 теңге.

Алғашқы апта «Гуляй, Вася!» (20 676 050 теңге) мен неміс драмасы «Не/смотря ни на что» (14 147 150 теңге) үшәін сәтсіздеу болды.

Поокаттағы төртінші аптада Федор Бондарчуктың «Притяжение» фантастикалық фильмі 15 679 600 теңге пайда түсірді.

 

*Материал Rentrak және Ticketon.kz жүйесі арқылы жасалды

Қазақстанда Rentrak Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісіне қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист