«Көркем фильм» «Айман мен Шолпан» сериалының түсірілімін аяқтады
«Айман мен Шолпан» сериалының түсірілімі аяқталуға жақын. Түсірілім тобы осы айтулы күнді Benefis караоке-барында атап өтті.
дәстүр бойынша салтанатты кешке сериалды түсіруге қатысқандар: продюсерлер, актерлер, режиссерлер, операторлар, костюмерлер және басқалар жиналды. осындай көңілді кеште кеш қонақтары түсірілім туралы әңгімелеп берді.
«Біздің тобымыз өте жақсы, сапалы дүние жасап шығарды. Біз екі топ болып жұмыс істедік. Бір топ арнайы жабдықталған павильонда, екінші топ парктерге, кафелерге шығып, сыртта жұмыс істеді. Түсіру тобы күніне 13 сағаттан жұмыс істеді. Біз түсірілімді дәл уақытында бітіретінімзге ешкім сенген жоқ: 12 қыркүйекте эфирге шығуымыз керек болатын. Сондықтан бір жағынан материал түсірілм, бір жағынан монтаждалып жатты», -дейді жобаның бас продюсері Рустам Азаматов.
Өз сөзінде продюсер Ильхам Джалилов «Қазақстан» телеарнасынының рейтингісінде алғашқы орында. Алғашқы сериаларының өзін 200 000 адам көріп үлгерген. Сондай-ақ продюсер сценаристер - Альбина Ахметова, Рашид Сулейменовтың және Светлана Петречуктың ерен еңбектерін атап өтті. Шамамен 3000 эпизод жазылған.
Ильхам Джалилов
«Айман мен Шолпан» сериалының режиссерлерінің бірі Айбек Дайырбеков былай деді: «Бұл жобада менің есімде ерекше қалатыны Салтанат Бақаева. Ол - жан-жақты актриса. Егер түсіру алаңында 14 қайталау дублі болса, оның ешқайсысы да Салтанаттың қателігінен болған жоқ. Ол өзін кадрда өте жақсы ұстайды, оның кәсіби білімі де бар. Көпсериалы фильм түсірудің өзіндік қиындықтары бар, бұл 1-2 аптада біте қалатын жұмыс емес. Актер тек иехникалық жағынан ғана емес, рухани да дайын болуы керек».
Кейін белгілі болғандай, 4 айға созылған түсірілімде 4 режиссер жұмыс істеді: Айбек Дайырбеков, Ержан Рүстембеков, Арман Сандыбай және Ерлан Нұрмұхамбетов. Дайырбеков жобаны басынан бастап аяғына дейін жеткізді.
Салатантты кеште Айман атты кейіпкердің ата-анасының рөлін ойнаған Ұлан Нүсәпалі мен Камалия Байтлеуова вальс билеп, шыр көбелек айналды.
«Мен оөзімнің шығармашылық жолымда алғаш рет жағымсыз кейіпкерді ойнадым. Мен үшін екіжүзды оңбағанның рөлін ойнаудың өзі жаңалық болды. менің кейіпкерім – ақшаны, өзін, билікті жакқсы көреді. Көрермен мені жаңа образда қабылдай ма, оны уақыт көрсетеді. Менің соншат ытырсқан еңбегім еш кетипейді деп үміттенемін», - дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Шаншар» театрының актері Ұлан Нүсіпәлі.
Мадина Әмірханова және Рустам Азаматов
«Айман мен Шолпан» сериалында актриса Қазына Абдрахман дебют жасады. Ол Шолпанның құрбысы Шынардың рөлін ойнады. қазынаның айтуынша, бұл жоба оған өзінің күшін киноджа сынап көруге мүмкіндік берген. Жас актриса болашақта өзін кинодан көргісі келеді.
Сериалды көріп үлгергендер костюмдер бойынша суретшінің қажырлы еңбегін байқаумауы мүмкін емес. Жүз серия бойы образ жасау оңай дүние емес.
«Шолпан отбасылық жылы қарым-қатынаста өссе, Айман керісінше, өзін бөліп тастаған адамдай, оқшауланып өсті. Сондықтан да кейіпкерлердің мінездері де әртүрді. біз мұны олардың киім киісінен-ақ көрсеткіміз келді. Шолпан өте салмақты, сыпайы киінетінін, ол көбіне шалбар емес, көйлек, белдемше киетінін, ал Айманның өте сәнді, жарқырап жүретінін, түрлі аксесуарларды жиі ауыстыратынын көзі қырағы көрермен байқайды. Сөйте тұра бүкіл серил бойында кейіпкерлердің мінездері, көзқарастары өзгереді. Бұл да олардың киімдерінен көрініс табады», - дейді костюмдер бойынша суретші Мадина Әмірханова.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін