È

«Қорқыт»: бабаларға құрмет

«Қорқыт»: бабаларға құрмет

Сценарист Жайық Сыздықов пен Мұхамед Мамырбеков «Қорқыт» тарихи фильмін жүзеге асыруға кірісті. Жайық Сыздықовтың айтуынша, бұл халықаралық жоба түркітілдес халықтардың басын қоспақ. Режиссерлер мен операторлардың шығармашылық тобына Қазақстанның, Әзірбайжанның, Қыргызстанның, Түркияның, Түркменстанның және Өзбекстанның мамандары тартылды.

Жобаның Әзірбайжандағы үйлестірушісі Кавказ тарихи орталығының басышысы, тарихшы Ризван Гусейнов. Сондай-ақ жұмысқа әзіррбайжан режиссеры Аяз Салаев та шақырылды. Актерлерді іріктеуге Башқұртстанда, Қарақалпақстанда, Татарстанда ірі кастингтер өткізіледі.

Жайық Сыздықов

Қорқыт атаның мистикалық образы барлық түркі тілдес халықтар үшін қасиетті. Экранда барлық түркі тайпаларына ортақ тұрмыс-салт көрсетіліп, картинада сол заман түгелдей сәреттеледі. Жайық Сыздықовтың айтуынша, бауырлас түркі халықтарының арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Тек ұзақ жылдар бойы бұл халықтар саясатқа байланысты әр жаққа шашырап кеткен, қазір бізге сол заманның шындығын көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Жайық Сыздықов және Мұхамед Мамырбеков бұған дейін «Жаужүрек мың бала» драмасымен жұмыс істеген болатын.

Мұхамед Мамырбеков

Жақында пиар-кампания басталады, нәтижесінде түсірілімге ЮНЕСКО тарапынан қолдау білдірілуі керек. Авторлар әлемдік прокаттан да бас бартпақ емес.

Лентаның түсірілім қашан басталатыны әлі белгісіз.

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист