«Жаңалықтар» қысқа метрі Таллин кинофестиваліне қатысуда
Режиссер Әсел Әушәкімованың «Жаңалықтар» қысқа метрі «Қараңғы түндер» Таллин кинофестивалінің бір бөлігі болып табылатын Sleepwalkers студенттік және қысқаметражды фильмдер фестивалінің бағдарламасына енді.
15 минуттық фильм әпкелі-сіңлілі екеудің диалогы арқылы эмиграция тақырыбын қозғайды.
«Мен көрермендерге екі жақын әрі туыс адамның арасындағы қақтығысты көрсеткім келді», - деді жоба жайлы Әсел Әушәкімова.
Таспа 2 күннің ішінде Алматыда түсірілді. Бұл режиссердің екінші қысқаметражды фильмі, алғашқысы «Мен шаршадым» деп аталатын және дәстүрле емес жыныстық көзқарастағы мұсылмандардың тағдырын баяндайтын.
«Жаңалықтар» фильміндегі басты рөлдерді Әйгерім Мұстафа және Адия Мусина сомдады.
Әсел Әушәкімова «Қараңғы түндерге» қатысуы жайлы былай деді:
«Мен өте қуаныштымын. Фестиваль көрермендерінің біріне фильм ұнап, олар менің «Мен шаршадым» толықметражды дебютімді көруге қызығушылық танытады деп үміттенемін».
Sleepwalkers студенттік және қысқаметражды фильмдер фестиваліне барлығы 25 қысқаметражды таспа қатысуда.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін