Қазақстанның қысқаметражды фильмдері Беларусьте көрсетілмек
9 желтоқсан күні Минскте, Беларусьте қазақстандық фильмдер көрсетілімі өтеді. Кинокөрсетілім Cinema Perpetuum Mobile халықаралық қысқаметражды кинофестивалі және Беларусь киносы тарихы мұражайы арқылы құрылған Kinoport жобасының аясында болады.
Шетелдік көрерменге бес қысқаметражды картина: Дархан Төлегеновтың «Таңғы шапағат нұры», Берік Жақановтың «Еркек» фильмі, Асқат Кучинчирековтің «Жанармай таусылды» картинасы, Шарипа Оразбаеваның «Картоп жегіштері», Максим Қодаровтың «Куб» фильмі және Мәдина Беспаеваның «Қуанышты жаңалық» туындысы көрсетіледі.
Айта кету керек, Kinoport көрермендерді әр елдің қысқаметражды киносымен таныстыру мақсатында көсретілімді ай сайын өткізіп тұрады. Желтоқсан Қазақстан қысқа метрі айы атанды.
«Таңғы шапағат нұры» фильмінен көрініс
Көрсетілім бағдарламасын Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының докторанты, кинотанушы Ержан Жұмабеков жасады.
«Мұндай көрсетілім көктемде Корей Республикасының Gyeongsang National University-де болған еді. Болашақта бұл дәстүр басқа да елдерде жалғасын табады деп ойлаймын. Бағдарламаға республикалық және халықаралық кинофестивальдердің жүлдегер фильмдері таңдалып алынды», - дейді кинотанушы.
Еске салсақ, «Таңғы шапағат нұры» «Қырғызстан - қысқаметражды фильмдер елі» (2015) ХКФ-де «Гран-при» иеленген, ал «Картоп жегіштер» фильмі I Республикалық «Бақоңыр» қысқаметражды кинофестивалінде (2016) «Гран-при» жеңіп алған болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін