È

«Скрипка мен домбыра» қысқаметражды фильмі

«Скрипка мен домбыра» қысқаметражды фильмі. Қазақстан киносы

Көктем келісімен табиғат қана оянып қоймайды, сонымен қатар отандық кинематографтардың да шабыты шарықтай түседі. Солардың бірі жас дарын Мәрия Абадиева, ол «Скрипка мен домбыра» атты қысқаметражды фильмін түсірді. Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Кино режиссурасы және ТВ» факультетінің магистранты үшін аталмыш картина жетінші жұмысы болып табылады («Происшествие», «Выбор»).

«Бірде мен ғаламтордан көзі жасқа толып, скрипкада ойнап тұрған баланың суретін көріп қалдым. Сол суреттен кейін оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас пен музыканың өмірдегі алатын орны туралы фильм түсіргім келді. Алайда, бұл идеяны іске асыру ұзаққа созылды. Бір күні осы музыкалық картинаны түсіруге танысым Малика Беламанова көмектесу ниетін білдірді. Ол дыбыспен жұмыс істеп, сазгер болғысы келген. Мен идеямды жүзеге асыруға мүмкіндіктің пайда болғандығын түсіндім»,- деді Мәрия.

«Скрипка мен домбыра» қысқа метрі қорғансыздың күйін кешіп жүрген бала Санжар туралы, ол бірнеше рет қарт музыканттың үйіне кіріп, тамақ ұрлайды. Бір күні Санжар ұсталып қалады. Бірақ, ол жазаланудың орнына қамқорлыққа алынады. Бұл кездесу кейіпкердің өмірін күрт өзгертеді.

«Скрипка мен домбыра» драмасының түсірілімі Алматыда өтіп, бір аптаға ғана созылды. Оған Тимур Мақажанов пен Темірлан Купамов қатысты.

Режиссердің айтуы бойынша, картина өз күштерімен жеке қаржыға түсірілген.

Малика Беламовадан бөлек, фильм түсіруге қоюшы-оператор Еркебұлан Балғабай көмектесті. Авторлар музыкалық оқиғаны халықаралық кинофестивальге жіберуді де жоспарлап жүрген көрінеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист