È

Қуат Болатов «Kazakh people in the UK» деректі фильмін шығарды

Қуат Болатов «Kazakh people in the UK» деректі фильмін шығарды. Қазақстан киносы

Ғаламторға Ұлыбританияда тұратын қазақстандықтар туралы баяндайтын деректі фильм шықты. Таспа 7 қысқа хикаядан тұрады. Жобаның жетекшісі - Қуат Болатов. Қоюшы-операторы - Зобар Ядигаров.

«Аз ба, көп пе, білмеймін, бірақ осы деректі фильмді түсіру үшін біз Ұлыбританияның бойымен шайтанарбамен 1500 шақырымнан астам жол жүрдік, сонымен қатар сол жерде бейнежазбаны монтаждау үшін бірнеше күн (тіпті он күн емес) өткізуге тура келді!

«Мұндай қадамға неліктен барлыңыз» деп сұрайтын шығарсыз. Оның жауабы менің былтырғы Еуропаға шайтанарбамен жасаған саяхатымда жатыр. Сол кезде шетелде тұратын көптеген дарынды отандастырымызды жолықтырдым. Олардың әрқайсысы – Мотиватор, әркімнің шетелдегі өзіндік тағдыры мен оқиғасы бар. Содан бері келесі жолы велосаяхат жасайтын болсам, осылар туралы фильм түсірем деп өзіме уәде бердім. Осылайша #ұлыбритания атты жоба дүниеге келді»,-деп жазған Болатов өзінің Facebook парақшасында.

Картина кейіпкерлерін Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы хэштег бойынша іздеген, ал кейбір отандастарымыз туралы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі баяндап берді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер