È

Құралай Анарбекова: ««Брак или брат» фильмі - толық метр бойынша менің алғашқы продюсерлік дебютім»

Құралай Анарбекова: ««Брак или брат» фильмі - толық метр бойынша менің алғашқы продюсерлік дебютім»

«Аманат» және «Бизнес по-казахский» картиналарында ойнаған отандық актриса Құралай Анарбекова «Брак или брат» комедиясының бас продюсері болатын болды. Продюсердің айтуынша, топ түсірілімге осы жылдың мамыр айында кіріспек.

«Брак или брат» фильмі - толық метр бойынша менің алғашқы продюсерлік дебютім. Мәскеуде «Чужой среди своих» хикаясымен продюсер ретінде жұмыс істегенім бар еді. Толықметражды кино түсіру идеясы 3 жыл бұрын туындаған болатын. Содан, лайықты сценарий іздеп жүрдім. Ұзақ ізденістен соң қызықты оқиғаға тап болдым. Оның авторы - картинаның қосалқы продюсері Әлішер Утев. Ал режиссер ретінде жас әрі креативті маман Ернар Нұрғалиевті шақырдық. Оның білікті маман екеніне сөз жоқ, сондықтан біз оған толықтай сенеміз»,-деді Құралай Анарбекова.

«Брак или брат» комедиясы Гаухар есімді қыздың оқиғасын баяндайды. Кейіпкердің ағалары оның тұрмысқа шығуына үнемі кедергі жасап жүреді. Алайда, бойжеткеннің туғандарына өзінің шынайы ниетін дәлелдейтін жігерлі жігіт пайда болады.

Сондай-ақ, сценарий жазуға Әділбек Сейілхан мен Арыстан Каунев атсалысты.

Бұл жобаның алдында актрисаның «Corich production» продюсерлік орталығының негізін қалағанын және «Алтын ұя» мен «Дуэт» хикаяларының продюсері ретінде танылғанын айта кету керек.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер