È

«Көзайым»

«Көзайым»

BasDalaGrouр шығармашылық бірлестігі «Қазақстан» телеарнасының тапсырысымен «Көзайым» сериалын түсіруде. Режиссері Ақжол Әбілов. Шақырылған қоюшы-режиссер Ерзат Батай, Қытайдың ең үздік операторларынуң бірі. Сценарий авторы - Данияр Күмісбаев. Бас продюсері және авторы Салтанат Қалиева.

Сюжет бойынша бай-қуатты отбасында тәрбиеленген Еркебұлан атты жас жігіт Көзайым атты аруды өзіне ғашық ететінін айтып бәстеседі. Бірақ уақыт өте келе ол өзінің де ол қызға ғашық екенін түсінеді. Қызға виртуалды досы Сұлтан ұнайды. Бірақ кейінен Еркебұлан мен Сұлтанның ағайындылар екені белгілі болады. Таңдырдың тосынсыйлары мұнымен бітпейді. Кейіпкерлерді нағыз махаббат, адасу, реніш, отбаслық кикілжіңдер, достық пен қастық күтіп тұр.

«Сериалдың негзігі мақсаты - жастарды үлкен буынға құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Сондай-ақ кез келген еңбектің түбі зейнет екенін, адалдық пен тазалық бар жерде ғана шынайы сезімге орын бар екенін көрсету. Біз көрерменге меірімідлік пен ақ көңіл өмірдің барлық қиындығын жеңуге көмектесетінін жеткізуге тырыстық», - дейді продюсер Салтанат Қалиева.

Түсірілім 26 маусымда бсталған, 28 тамызға дейін жалғасады. Шығармашылық топ түсірілімге үш ай бойы дайындалды. басты рөлдерде Ringo тобының солисті Батыр Байназаров, Маржан Қалыбек, әнші Нурболат Абдуллин, актер Ерік Жолжақсынов, актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева және актер Азат Сейтметов.

Көрермендер барлығы 20 серияны көреді, әр серияның ұзақтығы - 40 минут.

 

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлепберген Байсақалов

Актер