È

Латина Сатарова: «Киноға түсу мен үшін арман еді»

Латина Сатарова: «Киноға түсу мен үшін арман еді»

Прокатқа Виталий Кистановтың «Еще один день» шытырман оқиғалы драмасы шықты. Әйел адамның басты рөлінде Латина Сатарова, актриса үшін бұл үлкен кинодағы дебюті. Оның айтуынша, актрисаны түсірілімге кастингсіз шақырған.

«Таныстарымның бірі маған Facebook-те жаңа фильмнің түсірілгелі жатқанын айтып, қатысуға ұсыныс жасады. Киноға түсу менің бұрыннан арманым еді. Маған рөл ұсынған кезде қуана-қуана келістім. маған тіпті қаламақы да керек емес болды», - дейді Латина Сатарова.

Фильмде актрисабасты кейіпкерге ұнайтын қыздың рөлін ойнайды. достарымен бірге олар Шымбұлаққа демалысқа барады.

«Менің кейіпкерім - спортқа жақын, белсенді, тауды жақсы көретін қыз. Оған Виктор ұнайды, оның назарын өзіне аударғысы келеді. Бір ғана қиындық болды, өз жұмысым мен түсірілімді қатар алып жүруге тура келді. Бірақ өзіңнің айналыспы жатқан ісің өзіңе ұнаған кезде ештеңе де кедергі бола алмайды. Сондықтан мен таңғы 5-те оянып, Шымбұлаққа барып түсірілім жұмыстарына қатысып, ары қарай жұмысыма баратынмын. Түсірілімге дейін мен сноуборпдта сырғанай алатынмын. сондықтан сырғанауға аса қиналған жоқпын. Актерлық шеберлік бойынша маған кеңес беріп, бағттап отырған Фуркат Файзиев», - дейді дебютант.

Латина Сатаровадан басқа картинаға Виктор Бондарев, Александр Багрянцев, Кажимухан Калимбетов, Сухраб Мамтелов және Владимир Мищенко түсті.

«Еще один день» фильмін еліміздің барлық кинотеатрларын көре аласыздар. Көрсетілім туралы нақты ақпаратты кинотеатрлар афишасынан біліңіз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер

Александр Рубанов

Қоюшы-оператор