È

Жазғы кинотеатр «Келінка Сәбина» және «Келінка Сәбина 2» фильмдерінің көрсетіліміне шақырады

Жазғы кинотеатр «Келінка Сәбина» және «Келінка Сәбина 2» фильмдерінің көрсетіліміне шақырады

21 мамырда Алматы Ботаникалық бағының жазғы кинотеатры өзінің екінші отандық кинокөрсетілімін өткізеді. Демалыс кешінде көрермендерге Нуртас Адамбайдың «Келінка Сәбина» мен «Келінка Сәбина 2» екі комедиялық туындысы ұсынылмақ.

«Келінка Сәбина» комедиясы – «KZЛандия» әйгілі скетч-комының танымал кейіпкері: қалалық қыз Сәбина туралы баяндайтын толықметражды фильм. Сюжет бойынша кәсіпкердің ерке қызы Сәбинаны қойшы Жәнібек алып қашып кетеді. Ол қалыңдығын Жүгері ауылына алып келеді. Бұрын Сәбина араб шейхына тұрмысқа шығып, Дубайда тұруды армандаған болса, қазіргі бар мақсаты – ауылдан қашып кету. Алайда, кейіпкердің барлық әрекеттері сәтсіз аяқталады.

Басты кейіпкерді Нұртас Адамбай сомдады. Сонымен қатар, өзі екі бөлімнің де продюсері, режиссері және сценарий авторы атанды. Сондай-ақ, картинаға Айнұр Ілиясова, Есжан Хамидулин, Карлығаш Мұхамеджанова, Жан Ізбасар, Марат Сәрсенбаев, Ерлан Қасымжанұлы және т.б. түсті.

«Келінка Сәбина» үлкен экранға 2014 жылдың қараша айында жол тартқан болатын. Ал 2016 жылдың наурызында «Келінка Сәбина 2» екінші бөлімі жарыққа шықты.

Естеріңізге сала кетсек, жазғы кинотеатрдың бас демеушісі әрі ұйымдастырушысы - Қазақстан Халық банкі аясындағы «Халық» қайырымдылық қоры. Сонымен қатар, көрсетілімнің қосалқы ұйымдастырушылары – «Басты Ботаникалық бағының даму қоры» қоғамдық қоры, «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны КН ҚР БҒМ және «Бродвей» кинопорталы.

Қонақтарды жинау сағат 18:30-да, ал көрсетілім сағат 19:30-да басталады. Өткізілетін орны: Алматы қаласының Ботаникалық бағы, үйеңкі алаңы.

Ауа райының күрт өзгеріп, жауын жауып кету мүмкіндігіне байланысты, келушілерден жылы көрпелер, қолшатыр мен сулықтар алып келуін сұраймыз.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Ислам Надиров

22 мамыр 2017, 11:37

А где фотки можно скачать?

Таныс бейне

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер