Бүркіттің «Апаны» телеэкраннан көрсетіледі
Бүркіттің (Айбек Жансейітов) шығармашылығын ұнататындар, оның «Апан» атты дебютті фильмінің көрсетілімінде болмағандар бұл олқылықтың орнын толтыра алады. Картина бүгін сағат 21:10-да «Жетінші арнадан» көрсетіледі.
«Апан» фильмі Бурабайға демалуға кеткен достар туралы баяндайды. Кейіпкерлер тұрақтаған қала сыртындағы үй тұзаққа айналады. Алғашқы күні-ақ сол үйге қарақшылар төніп келіп, барлығын қорқытады. Балалар өмірлерін сақтап қалу үшін шақырылмаған қонақтармен келісіп көруге тырысады.
.png)
«Апан» фильмінен көрініс
Бүркіттің айтуынша, фильм идеясы Мальдив аралында демалып жүргенде туындаған. Әртіс отанға орала салысымен, ағасы Әли Жансейітпен бірге сценарий жазуға кіріседі. Түсірілім тобы 2017 жылдың мамыр айында түсірілімге кіріседі.
Телекөрермендер «Апаннан» жас актерлар Бауыржан Сатовты, Әлия Байбосынованы, Айым Алтынбекованы және Айлин Елеукенованы, сонымен қатар, белгілі әртістер Жан Байжанбаев пен Марат Абай-Ділданы көре алады.
Фильм былтырғы жылдың 30 қарашасында айналымға шыққан болатын.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін