Анападағы таңның шапағаты
Дархан Төлегеновтың қысқаметражды фильмі «Луч утренней зари» «Киношок» 25-інші фестивалінің байқау бағдарламасына енді. Биыл мерейтойлық фестиваль 3-10 қыркүйек аралығында Анапада өтеді. Жыл сайын байқау ТМД елдері мен Балтық елдері үшін өткізіледі. Қазақстандық лента «Границы шока» қысқаметражды кино секциясында көрсетіледі.
«Луч утренней зари» Димаш есімді қиын жасөспірім туралы, ол ата-анасының ажырасуын өте ауыр қабылдайды. Бір күніи Димаш анасының өмірінде басқа бір ер адамның пайда болғанын біледі. Ол осыған көне ме, өйткені ол әкесінің кетіп қалғанына әлі өкпелі...

«Луч утренней зари» фильмінен кадр
«Фильмнің идеясы кездейсоқ келді, Олжас Ермекбаевтың «Враги» фильмін түсіріп жатқан кезде маған осы фмльмнің идеясы ойма сап ете қалды. Түсірілімнен кейін бірден досым екеуміз жақын жердегі дімханаға кіріп ойымызды қағазға түсіре бастадық. Фильмде мүлде бюджет жоқ десек те болады. Біз оны өз қызығушылығымызбен түсірдік. Меніңше барлық қатысушылар 100% ынтамен кірісті», - дейді режиссер Дархан Төлегенов.
Фильмнің түсірілім 2015 жылдың көктемінде Алматыда жүрді. Басты рөлдерде Ерболат Атабай, Баян Канжабиева және Дулыға Ақмолда ойнады.
Бұған дейін картина «Три дня отверженных» деп аталатын қазақстандық алғашқы кинобайқауда үздік деп танылды, одан кейін «Кыргызстан - страна короткометражных фильмов» деп аталатын 5-інші Халықаралық фестивальда Гран При иеленді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін