«Үздік режиссер» - Эмир Байғазин
24-інші Халықаралық Art Film Fest кинофестивалінде Эмир Байғазин «Үздік режиссер» атағына ие болды. Фестивальда оның «Жаралы періште» фильмі көрсетілген болатын. Осы жылы фестиваль Кошице (Словакия) қаласында өтті, лентаны таныстырған костюмдер бойынша суретші Камилла Құрманбекова. Қазақстандық лентаға 13 фильм бәсекелес болды, олардың арасында Оливер Лакстің «Мимозы», Кристиан Тафдруптың «Родители» және Анне Зора Беррашедтің «24 недели» фильмдері бар.

Бұған дейін Эмира Байгазиннің жұмысы Чунджоудағы қызлардың арнайы сыйлығын, ARTE телеарнасының халықаралық жүлдесін және Сараеводағы CineLink кинофестивалінің жүлдесін иеленген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, «Жаралы періште» - жасөспірімдер тағдыры туралы трилогияның екінші бөлімі. Бірінші фильм «Асланның сабақтары» 2013 жылы таныстырылған болатын. Жалғасында өз таңдауын жасаған төрт жасөспірім туралы баяндайды.
Әйгерім Қасқыр
Тақырып бойынша:
«Раненый ангел» расправил крылья






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін