Қала мен киноға деген махаббат
Халықаралық XII «Еуразия» кинофестивалі жаңа форматта өтеді. Ұйымдастырушылар мәдени салтанатты шараны қала көшелеріне шығарып, барша халық назарына ұсынбақ.
Фестиваль 2016 жылдың 24-30 қыркүйек аралығында өтеді. Фестиваль күндері Алматыда 15-тен аса кафе, парк сияқты түрлі қосымша ашық алаңдар ақысыз жұмыс істейді. Фестивальдың негізгі бағдарламасы Kinopark11 IMAX Esentai кинотеатрында көрсетіледі.
«Біз киноны құрметтейтін және оны эстетикалық ләззат пен шабыттың, түрлі образдардың қайнар көзі деп білетін әр жанды осындай керемет мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамыз» -дейді Ращид Нұғманов.
Фестиваль бағдарламасы үш бөлімнен тұрады: «Қалаға деген сүйіспеншілік», оның аясында қоғамдық орындарда кинокөрсетілімдер өтеді, «Киноға деген сүйіспеншілік» - негізгі конкурс және конкурстан тыс бағдарлама және «Мамандыққа деген сүйіспеншілік» - шеберлік кластары, киноөндірісінің өкілдерімен кәсіби кездесулер.
Кинофестиваль аясында әлемнің түпкір-түпкірінен келген 80-нен аса туынды көрсетіледі, оның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия фильмдерінің «Шәкен жұлдыздары» бағдарламасы бар. Толық метражды фильмдермен қатар қысқа метражды фильмдердің халықаралық конкурсы да өтеді.Бағдарламаға еуропалық, азиялық және әлемдік фильм понарамалары енген. «Еуразия» ХКФ аясында тұңғыш рет түрлі жанрдағы араб фильмдері көрсетіледі.
Еуразия» ХКФ негізгі марапаттарымен қатар НЕТПАК (NETPAC) – Network for the Promotion of Asia Pacific Cinema (Азия киносын тарату) және ФИПРЕССИ (FIPRESCI) -Fédération internationale de la press cinématographique (Халықаралық кинматография баспасөзі федерациясы) жүлделері тапсырылады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін