È

Қазақша махаббат

Қазақша махаббат

25 шілдеден бастап «Жетінші арна» отандық «Побег из аула» сериалын қайталап көрсетеді. Сериалдың режиссеры әрі продюсеры Нұртас Адамбай. Картина 2011 жылы шығып, үш маусымға жалғасқан болатын.

«Побег из аула» – бұл ауылда туып-өсіп, есейген соң үлкен қалаға келген достардың оқиғасы. Қаланың қайнаған өміріне араласқан жігіттер ауылдағы аңқаулықтарының, қайырымдылықтарының арқасында түрлі қызықты жағдайларға тап болады, кейде тіпті қауіпті оқиғаларға да ұрынады.

Комедиялық жоба көрермендерге бірден ұнады, сондықтан сериалдың авторлары «Побег из аула. Операция Махаббат» толықметражды фильмін де түсірген болатын.

Сериалға қатысқандар: Нұртас Адамбай, Дәуіт Шайхисламов, Мақсат Мамраимов, Жан Ізбасар, Айнұр Ільясова және басқалар.

Сериалдың көрсетілімі жұмыс күндері сағат 19:30-да.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер